Викторинада композиция, түстану, сурет, бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері, суретшілердің жеке туындылары бойынша сұрақтар қойылады.
Викторинаның әр алуан түрін таңдап алуға болады. Сабақты «Ең ақылды» ойыны бойынша жүргізеді. Бірақ оқушылардың бәрін ойынға қатыстыру үшін ойынды «Ең ақылдылар» деп атауға болады. Ол үшін сынып оқушыларын 4 топқа бөледі. Әрбір топ өздеріне атау немесе ұран ойлап табады. Іріктеу турында әрбір топқа 4 жыл бойы өткен материалдар бойынша 6 сұрақ қойылады. Осы сұрақтардың нәтижесі бойынша ең жақсы жауап берген 3 топ таңдап алынады. Олар екінші турға өтеді. Екінші турда оқушылар жауап беретін сұрақтардың тақырыбы таңдалады. Мысалы, «Бәрі түс туралы» немесе «Ертеде суретші болыпты» (бұл жерде оқушылар туындыға қарап суретшіні анықтауы керек). Әрбір топқа бес сұрақтан қойылып, дұрыс жауапқа бес ұпайдан беріледі. Одан кейін оқушылардың әрқайсысы өз қарсыласына бір сұрақтан қояды.
Жауаптары екі ұпаймен бағаланады, егер қатысушылардың бірі сұраққа жауап бере алмай қалса, ол сұраққа жауап бере алатын басқа оқушы екі
Оқулық.
4-сыныпқа арналған СD-диск.
Жұмыс дәптері. Суретшілердің туындылары.
ұпайды алады. Осылайша соңғы турға екі оқушы шығады.
Соңғы турда әрбір топқа 2 минуттың ішінде сұрақтар қойылады. Сұрақтарға топтағы кез келген қатысушы жауап бере алады. Тек дұрыс жауаптар ғана есептеледі. Бұл кезде қалған оқушылар сұрақтарды естімейді, олар не сыныптан шығып кетеді, не құлақтарына құлаққап киеді. Екі минуттың ішінде көп сұраққа дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаз топ «Ең ақылдылар» атағымен марапатталады. Марапаттау сыйлығы ретінде әзіл- қалжың түріндегі медаль не диплом немесе қандай да бір кәдесыйды қолдан жасап беруге болады. Бәрі де өздеріңнің қалауларың мен қиял ұшқырлықтарыңа байланысты. Мұнымен сабақты қорытындылау бітпейді. Ең үздік білгір, ең үздік суретші, ең үздік график, ең үздік бұйым жасау шеберін, ең үздік ұжымдық жұмыс, қазақ қолөнерінің ең үздік білгірін анықтап, марапаттауға болады (оны алдын ала әзірлеп қою керек, бәлкім балалардың жасаған жұмыстарын бір апта бұрын іліп қойып, дауыс жинау керек болар). Шығармашылық шешімдерінің ерекшелігіне, жұмыс істеу қабілетіне, асқан шеберліктеріне әр алуан сыйлықтар әзірлейді. Ата-аналарын қазылар алқасының жұмысына және кішкене сыйлықтарды дайындауға қатыстыруға болады. Егер мақтау қағазын, әзіл-қалжыңды дипломдарды әзірлесе тіпті жақсы.
Мұғалім сабақ аяқталуға жақын қалғанға балаларға мына тақпақты арнайды:
Ақ қағаздың жүзіне Алуан бояу түсіріп. Қадап көзін сүзіле Ойын құстай ұшырып.
Суретші дамылсыз, Сүйкектеген қаламын. Айналаның бәрі үнсіз, Ашық нұры ауаның.
Бурыл тартқан самайы, Басқа емес өз сынынан. Тағы қайта қарайды, Тауды қойып қырынан.
Тұрақтамай әлі де, Тұр қиялы дағдарып. Байыптайды бәрін де, Ойымен он аударып.