Сабақ ҚЫСҚамерзімді жоспар 1-бөлім. Менің Отаным Қазақстан



бет91/95
Дата19.02.2023
өлшемі217,13 Kb.
#169299
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Байланысты:
ҚМЖ 4-сын. ТОЛЫҚ
ТОП 20-14 Шорабек Жансая СӨЖ реферат, карла циклограмма - 4 жас (1), 1-2023-32-001786360-2-1, Мамандыќ 0314002 «Бастауыш жалпы білім беру»-emirsaba.org (1), Целиноград оқиғасы
Сабақтың тақырыбы: Жылды қорытындылаймыз

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 4

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Жылды қорытындылау. Білімдерін жинақтап, оларды әртүрлі жағдайларда қолдана білуді қалыптастыру.

Бағдарламалық міндеттері

4.1.3.2
4.2.3.3
4.2.4.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: жылды қызықты түрде қорытындылау, 4 жыл бойы меңгерген білім, біліктерін еске түсіру.
Оқушылардың шығармашылық міндеті:
қорытынды викторинаға қатысу.

Оқушылардың міндеті

Түстану, сурет, композиция, әшекейлеу, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша теориялық білімдерін еске түсіріп, оларды атау. Қандай шығармашылық жұмыс жасағандарын атап, қандай білік, дағдыларға қол жеткізгендерін айтады.
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.
Тірек сөздер: жылдың қорытындысы, 4 жылдық оқу бағдарламасын қорытындылау, викторина, білгірлер, сәттілік, білім, білік, шеберлік.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Қандай түстерді қанша тырыссақ та шығара алмаймыз?

Жауап. Негізгі (басты) қызыл, көк, сары).

  1. Негізгі түстер жұбын араластырғанда қандай түстер шығады?

Жауап. Қызыл + сары = қызғылт сары Қызыл + көк = күлгін
Сары + көк= жасыл

  1. Бұл түстердің ортақ атауы қандай?

Жауап. Бұл түстер (қызғылт сары, күлгін, жасыл) құрама түстер деп аталады.

  1. Қай түстер Қар ханшайымын ерітіп жібереді? Жауап. Қар ханшайымын қызыл, сары, қызғылт сары түстері ерітіп жібереді. Бұл түстер жылы түстер деп аталады.

  2. Ғажайып құс қандай түстерден қорқады? Жауап. Ғажайып құс көк, көгілдір түстерден қорқады. Оларды суық түстер дейді.

  3. Мысалы, жасыл түс біреу, оның көптеген інілері бар. Оларды не деп атайды?

Жауап. Оларды (бір түстің әртүрлілігі) реңк деп атайды.




  1. Қай түстер бір-бірін айқындай түседі? Жауап. Қызыл мен жасыл, сары мен күлгін, қызғылт сары мен көк. Бұл түстер бір-бірін айқындай түседі. Оларды қарама-қарсы түстер дейді.

  2. Ал егер бірнеше түс бір топқа жиналса, олар қалай аталады?

Жауап. Бірнеше түстің жиынтығы түстер үйлесімі деп аталады.

  1. Түс не туралы сыр шертеді?

Жауап. Түс адамның көңіл күйі, мінез-құлқы, сезімін көрсете алады, жыл мезгілдері, тәулік мезгілі, ауа райы, музыка ырғағын білдіре алады.

  1. Сызық нені білдіреді?

Жауап. Сызық адамның көңіл күйін, мінез-құлқын, сезімін, ауа райын, музыканың ырғағын білдіре алады. Сызықтан кез келген пішін пайда болады.

  1. Штрихпен нені бейнелеуге болады?

Жауап. Штрих арқылы кез келген заттың сыртқы түрін, оның фактурасын бейнелеуге болады. Сызық пен штрихтің көмегімен графикада көлемді бейнелерді саламыз.

  1. Қағаз парағын немен салыстыруға болады? Жауап. Егер біз пішім мен өлшем туралы айтатын болсақ, онда қағаз парағын сурет тұратын үймен салыстыруға болады. Сурет үйде өзін жайлы не жайсыз сезінуі мүмкін. Сурет тұратын үй үлкен де, кіші де, аласа да емес, орташа болу керек. Сонымен қатар қағаз парағын тепе-теңдік тұрғысынан қарағанда таразымен салыстыруға болады.

  2. Пішім дегеніміз не?

Жауап. Пішім – қағаз пішіні. Ол тік, шаршы, көлденең, тіпті дөңгелек те болады.

  1. Көпқатарлы композиция дегеніміз не? Жауап. Суреттегі бейнелердің бірнеше қатардан тұруы көпқатарлы композиция деп аталады.

  2. Композициядағы басты бөлікті қалайша ерекшелеуге болады?

Жауап. Композициядағы басты бөлікті түсі, өлшемі, пішіні және бірнеше тәсілді біріктіре отырып ерекшелеуге болады.
Сонымен қатар бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері, сәндік-қолданбалы өнер, сондай-ақ осы жылы өткен қазақ халқының қолөнері, олардың авторлары туралы сұрақ қоюға болады. Оқушылар өздері танысқан тәсілдер туралы сұрақ қоюы мүмкін (коллаж, монотипия, аппликация, әртүрлі материалдардан мүсіндеу, папье-маше, граттаж, қағаздан жасалған бұйымдар). Әрбір мұғалім оқушыларға викторина сұрақтарын қалай беру керегін өздері шешеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет