Бұрын алған білімдері
|
Бұл сабақта 4 жыл бойы «Көркем еңбек» пәні бойынша меңгерген білімдерін пайдаланады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Бұл сабақта әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка пәндерімен байланыс орнайды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет түрлері
|
Дереккөздер
|
Сабаққа кіріспе
|
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сынып іші оқушылардың 4 жыл бойы жасаған жұмыстарымен безендіріледі. Тақтаға бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері бойынша орындалған жұмыстарды іліп, олар бойынша викторина сұрақтары беріледі.
Мерекелік музыка таңдап алған дұрыс.
|
4-сыныпқа арналған СD-диск. Викторина сұрақтары қойылатын
бейнелеу өнері жанрлары мен түрлері бойынша салынған картиналар.
Оқушылардың 4 жыл бойы жасаған жұмыстары.
|
Алған білімнің өмірмен байланысы.
Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу
|
Бұл сабақ 4 жыл бойы меңгергендерін қорытындылауға арналады. Оқушылар көптеген жаңа нәрселер біліп, осы пән бойынша білім қорлары молайғанын, алған білімдерін мұражай, галереяларға барғанда пайдалана алатындарын түсінулері тиіс.
Меңгерген дағды, біліктері өмірде пайдалануға септігін тигізіп, балалар өз өмірлері мен айналасындағы адамдардың өмірін әдемі ете алады.
|
|
|