Оқушылардың шығармашылық міндеті: оқулықтағы мамандық түрлері бейнеленген жұмыстардың репродукцияларына немесе мұғалім ұсынған жұмыстарға қарап, шағын әңгіме құрау немесе №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Оқушылардың міндеті
|
Мамандық түрлері бейнеленген бейнелеу өнері туындыларын суреттеу. Мамандықтар бейнеленген бейнелеу өнері туындыларының жанры мен түрін біліп, оларды атау. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер: мамандықтар әлемі, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, мамандықтардың бәрі қызық- ты әрі маңызды, мамандық түрлерін көрсететін натюрморттар, сызық пен штрихтің заттың көлемімен байланысы.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Қоғамға қай мамандық түрі аса маңызды деп санайсың?
Жауап. Оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, жауап береді. Балалардың жауабын тыңдап болған соң, мұғалім оқушыларды мамандықтың барлық түрі қоғам үшін маңызды деген қорытындыға әкеледі.
Ата-анаңның, ата-әжеңнің мамандықтары туралы, олар несімен қызықты екенімен бөліс. Жауап. Оқушылар өз жауаптарын береді.
Суретші бейнелеу өнерінің қай жанрында мамандық түрлерін бейнелей алады?
Жауап. Суретші тұрмыстық жанр, портрет, натюрморт және аралас жанр арқылы мамандық түрлерін бейнелей алады.
Мұғалім мамандығын көрсету үшін қандай заттарды бейнелеу керек?
Жауап. Мұғалімнің мамандығын көрсететін натюрмортта кітап, глобус, көзілдірік, сызғыш, дәптер және т.б. заттарды бейнелеуге болады.
Суретшінің мамандығын көрсету үшін қандай заттарды бейнелеу керек?
Жауап. Суретшінің мамандығын көрсететін натюрмортта қылқалам, бояу, қарындаш, палитра, жақтау, натюрмортқа қажет заттар және т.б. бейнелеуге болады.
Ата-анаңның мамандығын көрсету үшін қандай натюрморт құрастырар едің?
Жауап. Оқушылар өз беттерінше жауап береді.
Сызық және штрихпен нені бейнелуге болады?
Жауап. Сызық және штрихтің көмегімен пішіні әртүрлі заттарды, олардың сыртқы түрін бейнелеп, сондай-ақ заттардың көлемін көрсетуге болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |