Материалды түсіндіру
|
Мұғалім астанамыздағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі әр елден келген экспозициялар, қазір жүзеге асып жатқан болашақ қаланың жобалары туралы әңгімелей оты- рып, жаңа материалды түсіндіреді. Болашақ қалалар- дың суретін слайд арқылы көрсетеді. Оқушыларды тақырыпты талқылауға жұмылдырады. Талқылау ба- рысында оқушылар болашақ қалалардың қандай бола- тынын елестетеді. Бұл тақырыпты қоршаған ортаны қорғау тақырыбымен байланыстыра отырып түсінді- ріп, су және суқоймалардың ластануы, жасыл желек- тердің жетіспеушілігі, қала халықтарының тығыздығы туралы әңгіме өрбіту керек. «Адамдар өзін жайлы се- зінуі үшін болашақтың қаласы қандай болу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Әрине, болашақтың қа- ласы тек жайлы ғана емес, әдемі де болу керек. Ал ол үшін сәулетшілер тер төгеді. Сәулетшінің кім екенін оқушылар үшінші сыныптан біледі, сонда да сәулет өнері мен оның басты қағидаларын (жайлылық, ыңғайлылық, әдемілік) еске түсіру артық етпейді.
Оқушылар осы тақырыптың аясында композициядағы басты бөлікті айқындау тәсілімен танысады. Оған көп уақыт бөлудің аса қажеті жоқ, өйткені оны меңгеру қиын емес. Материалды түсіндіргеннен кейін оқушы- лар материалды бекітуге арналған тапсырманы орын- дап, содан кейін ғана ұжымдық жұмысқа кіріседі.
Жасайтын жұмыстарын талқылауға бірнеше минут бөледі. Бұл әрбір тақырыпты нақтылау үшін керек, сонда оқушылар жасайтын жұмыстарын елестете алады. Оқушыларды бұл бір жылды емес, төрт жыл бойы меңгергендерін қорытындылайтын нәтиже сабақ екеніне бағыттау керек. Сондықтан осы пән бойынша төрт жылда меңгерген білім, біліктерін барынша көрсетулері керек.
|
Оқулық. 4-сы- ныпқа арналған СD-диск. №2 жұмыс дәптері. ЭКСПО-2017
фотосуреттері,
«ақылды қалалар- дың» фотосурет- тері.
|