Сабақ «жазбаша қосу және азайту» Бастауыш сынып мұғалімі Қарымсакова Гүлайм Туленовна Математика 2-сынып Сабақтың тақырыбы



Дата08.09.2017
өлшемі54,41 Kb.
#31611
түріСабақ
Ашық сабақ «ЖАЗБАША ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ»
Бастауыш сынып мұғалімі

Қарымсакова Гүлайм Туленовна

Математика  2-сынып
Сабақтың тақырыбы:     Жазбаша қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

Оқушыларға баған түрінде қосуды  және азайтуды үйрету. Қосу және азайту амалын орындағанда бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты азайтатыны  немесе  қосатыны   туралы  түсінік беру.



2.Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін, білімін жетілдіру,математика пәніне деген қызығушылығын дамыту.



3.Тәрбиелік:

Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Слайд, оқулық

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7, 143 бет оқу, талдау.
1+1=2         2+2=4       3+3=6              4+4=8           5+5=10

6+6=12       7+7=14     8+8=16            9+9=18 1-1=0        

2-2=0          3-3=0        4-4=0               5-5=0 6-6=0  

7-7=0          8-8=0        9-9=0


ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Күн ретін жазу. Көркем жазу. 2 санын жазу
Математикалық диктант: Оқушыларға сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсету.
18, 28, 37, 72, 45, 53, 67, 76, 81, 93, 72

(Слайдтан тексеру).

10+8---------20+8

30+7---------40+5

50+3---------60+7

70+6---------80+1

90+3---------70+2


Онд.

Бірл.

4

5

2

3







  • Кестедегі сандарды оқу;

  • Екі таңбалы сандарды осылай қосқан қолайлы.

  • 45      5+3 бірліктерге бірліктерді қосамын

  • 23      4+2 ондықтарға ондықтарды қосамын

  • 68      жауапты оқимын  қосындының мәні 68-ге тең  6 онд. 8 бірлік.

  • Екі таңбалы сандарға қосу амалын қолданғанда бірліктерді    бірліктерге және ондықтарды ондықтарға қосады.


Қосу және азайту амалының компонеттерін еске түсіру.

Онд.

Бірл.

6

8

2

3
 

 

 




  • Кестедегі сандарды оқу;

  • Екі таңбалы сандарды кестеде көрсеткендей азайтқан тиімді.

  • 68      8-3 бірліктерден  бірліктерді азайтамын

  • 23      6-2 ондықтардан ондықтарды азайтамын

  • 45      жауапты оқимын  айырманың мәні 45-ке тең   4онд. 5 бірлік

  • Екі таңбалы сандармен  азйту  амалын орындағанда бірліктерден бірліктерді және ондықтардан ондықтарды азайтады.

 - Ал балалар ары қарай біз есептер шығарайық.

Ендеше №2 тапсырманы орындайық


Тақтамен жұмыс
63               84             24             89               72              89

21               21             65             24               17              72

84               63             89             65               89              17

 
Сергіту сәті:
Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.
Оқу материалы бойынша ауызша түсіндірме ұйымдастырылады. Содан кейін шағын топта мысалдардың мүмкін нұсқаларының барлығын жазу, олардың мәндерін табу оқушыларға ұсынылады.

Тапсырма: №4 (а) 145 бет.

5+3=8 және 4+2=6 теңдіктерін пайдаланып, қандай екі таңбалы екі санды қосуға болады? Осындай бірнеше қосынды жаз. Олардың мәндерін тап.

Мысалы: 54+32=86

5 онд. + 3 онд. 4 бір. + 2 бірлік.
52+34= 86

25+43=68

45+23=68



ІV.Жаңа сабақты бекіту:

«Кім жылдам»!

26+51=77         35-24=11         80+25=55        18+72=90

56-23=33          37+43=80        42+47=89
Бүгін не өттік?


  • Екі таңбалы санды жазбаша қосу және азайтуды үйрендік.

Логикалық  тапсырма:

3 рет 2 тастан ауыстырып, дойбының қара және ақ тастарын кезектестіріп қой.



ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4 (ә), 145бет
Оқушылардың білімін бағалау.

 
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет