Сабақ жга-011 география зван айдос балалардың орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістері



бет6/6
Дата29.12.2021
өлшемі32,47 Kb.
#106315
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Айдос Зван

Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.

Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады.

Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.

Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.

Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық және метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты - іш киімдер, екінші қабаты – көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылуөткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең және киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек. Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды.

Қыс кезінде ауа температурасы 200С жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді. Егер бөлме температурасы 190С төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылусақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін киінуге болады.

Сыртқы жылы киімдер - олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау және оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады. Сыртқы, жабын қабаты ауа-, буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы және ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады. Ортаңғы жылусақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылусақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін және ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады. Ішкі қабат (астары) - ауа-, буөткізгіштігі, ылғалсіңіріуі және гигроскопиялылығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады.

Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын және қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралағын - капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады. Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады және баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.



Киімнің жылу қорғағыш қасиетіне физиологиялық-гигиеналық баға берілуі қажет. Киімнің жылу сақтау қасиеті туралы толығырақ мәліметті энергия шығынын, тері температурасының көлемін, жылу ағынының тығыздығын - радиация және конвекция арқылы, дененің белгілі аумағынан белгілі уақытта жоғалатын жылу санын анықтау арқылы алуға болады. Киімнің жылу қорғағыш қасиеті дегеніміз, оның жылу ағынының тығыздығын төмендету қасиеті. Жылу ағыны қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне және киімнің жылу қоғағыш қасиетіне байланысты болады. Жылу беру көлеміне, терінің орташа алынған температурасына, метеорологиялық (микроклиматтық) жағдайға байланысты киімнің организмінің жылу беруіне “қарсыласуына”, яғни, киімнің жылулық қасиетіне сандық баға

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет