Сабақ жоспары : №4 Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау



Дата21.07.2017
өлшемі164,5 Kb.
#21370
түріСабақ

Рсымбетова Шолпан Умирзаковна

4 жалпы білім беретін орта мектеп, Ақтөбе қаласы



Пәннің аты:

Музыка

Класс:

6 «Б»

Өтілетін мерзімі:

23.09.2016

Сабақ жоспары :

№4

Сабақтың тақырыбы:

Құрманғазы жайлы бір толғау

Сабақтың мақсаты:

Күй атасы - Құрманғазы күйлерін тыңдату арқылы терең мағлұмат бере отырып,өнер адамына деген құрмет сезімін тудыру, оның  өнерін үлгі ете отыра, оқушыларды өнерге баулу.

Міндеттері:

- Білімділік

Оқушыларды күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолы және күйшілік шығармашылығымен таныстыру

- Дамытушылық

Күй өнеріне баули отырып, ой өрістерін дамыту және күй жанрына қызығушылықтарын арттыру. « Күй аңыздары» күйге деген сүйіспенші



- Тәрбиелік

Құрманғазының музыка өнерінде алатын орны және күйлері арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді білуге тәрбиелеу. Батыс Қазақстанның күйшілік өнері туралы дискуссия жүргізу негізінде және өскелең ұрпақтың «Мәңгілік ел» бағдарламасы ауқымындағы Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дарыту.



Әдіс-тәсілдер:

СТО стратегиялары:топтастыру, талдау, топпен жұмыс, күй тыңдату, күй тарту. Презентацияны PowerPoint бағдарламасымен жасау мүмкіндіктерін қолдану.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, тарих.

Көрнекілік құралдары

Аспаптар, 6-сынып «Музыка» оқулығы, нота дәптері, суреттер (күйшінің портреті), электронды тақта, слайд-презентация, Құрманғазының суреті, Құрманғазы күйлерінің аудио-видео таспасы.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг. Оқушылар бір – біріне жымиып қарап, жақсы тілектер айтады.

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Жүрегіміз саз әуенді қалаған,

Асыл өнер жанашыры біздерміз.

Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.



Ой - қозғау



Үй тапсырмасын тексеру:

Махамбет Өтеміс ұлы кім болган?

Оның қандай шыгармаларын білесіңдер?

Жаңа тақырыпқа көпір: Махамбет Өтеміс ұлы қандай музыкалық аспапта ойнаған?

Тірек кестеге назар аудару (Аспаптар суреті бар кесте).

Аспаптар:

1.Шертпелі аспаптар 7.Сыбызғы

2.Үрмелі аспаптар  8.Шертер 

3.Ұрмалы аспаптар 9.Асатаяқ 

4.Домбыра  10.Жетіген 

5.Үскірік  11.Сазсырнай 



6.Дабыл  12.Даңғыра 



Оқушыларды

тақырыпқа қызығушылы

ғын арттыру стратегиясы



Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша сабақтың тақырыбын айқындау: Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Күй атасы» атанған күйшіге байланысты. Бұл күйші Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Оның шәкірті күйші Дина Нұрпейісова болған. Бұл қай күйші?

(Тақырыпты айқындау).



Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр! (Ілияс Жансүгіров)

Құрманғазы Сағырбаевтың портреті 

Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. 

–Күйді естірту. Балалар, бұл қандай әуен?

-Балалар, тағы қандай күйлерді білесіңдер? -«Балбырауын» , «Адай» және т.б.

Күй - тек қазаққа тән ұлттық өнер, ол қазақ халқының ежелден келе жатқан төл өнері. Әр кезеңнің өзіндік үні, өз ерекшелігі болады. Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің қайсар қолбасшысы, халық батыры Исатай Тайманұлы мен от ауызды, адулы күйші Махамбет бабамыз ұрысқа аттанар кезде күй атасы Құрманғазыны әлі кішкентайсың деп ілестірмеген, кейіннен Құрманғазы бабамыз ''Кішкентай''атты күйін осы оқиғаға байланысты арнап шығарған .



Қазақ күйлері қағысына қарай екі түрге бөлінеді. Оның бірі – төкпе, екіншісі – шертпе. Төкпеде көзге ұратыны – қайрат-өрлік, сергектік, өмірге құштарлық, қиындықтан жасымау, алға ұмтылу. Шертпе күйлер сабырлылығымен, ой-сырға толығымен ерекшеленеді. Күй – қазақтың жансерігі, мұңдасы, сырласы. Күй ойға жетелейді. Батыс Қазақстан күй мектебіне негізінен төкпе күй өнері тән. Құрманғазы Сағырбайұлы және оның күйлері

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889). Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Ол төкпе күй мектебінің күйшісі саналады.Оның ұстазы Ұзақ күйші еді. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Оның «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым»деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген. Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған «Балбырауын», «Әсем» күйлері де бар.



Оқушылар күйді оның шығу тарихына байланысты шығарылған«Күй аңыздарын» білгеннен кейін есте жақсы сақтайды. Сондықтан оқушыларға келесі текст мәліметтерін ұсыну:

Атақты Құрманғазының да әрбір күйі оның өз жанынан шығарған аңыз-әңгімесімен әдіптеледі. «Арнау күйлерінің» бірі – Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шешем, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай – ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді.

Оның “Көбік - шашқан” деп аталатын күй - аңызы XIX ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы су тасқынына байланысты шығарылған. Бұл шығармада күй ел басына төнген апатты, адамдар мен жануарлардың жан айғайларын берумен ғана шектеліп қалмай, халықтың мұңы мен зарын тасқын төңірегінен алып шығып, тарихи тағдырының да тасқын сияқты ауырлығын көрсетеді.

Құрманғазының атақты «Адай» күйі де халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын береді. “Кісен ашқан” күйі оның патша түрмесінен қандай қиындықтармен қашқандығы туралы баяндайды.





Осы аталған күйлерді тыңдату. - Музыка сауаттылығы: -Күй жанры туралы мағлұмат беру.

Дифференциация

Сабақта белсенділігі әр түрлі оқушылардың қимыл-әрекеттері бақыланады:

Белсенділігі төмен

Белсенділігі орташа

Белсенділігі жоғары

Күй жанрын анықтауға арналған трек –cхемамен жұмыс

Күй жанрын тыңдалым бойынша анықтау.

Күйдің жанры және

мазмұны бойынша



жүйелі қорытынды жасау.




Сергіту сәті

«Балбырауын» күйіне қол және аяқ буындарына жаттығу жасату.

Бекіту

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: ҚҰРМАНҒАЗЫ КІМ?

Төкпе күйдің атасы Құрманғазы келешек ұрпаққа күй мұрасын жеткізуді сүйікті шәкірті Динаға аманаттап, батасын беріп, домбырасын сыйға тартады.



Дина Нурпейсованың портретін көрсету және оның күйлерін атау.

Бағалау

Үйге тапсырма

Рефлексия.

Оқушының өзіндік бағалауы

Сабақ ұнады ма? Несімен? Не білдіңдер?

Бағалау.
Үйге тапсырма: Құрманғазы Сағырбайұлы күйлеріне сөзжұмбақ кұрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет