Сабақ жоспары " Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру "



бет1/2
Дата04.08.2017
өлшемі390,35 Kb.
#22914
түріСабақ
  1   2
Информатикадан күнделікті сабақ жоспары " Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру "

5 сынып. 1 сабақ. Мерзімі: 05.09.2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:  Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың  мақсаты:   Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң орындауын талап ету.

Сабақ міндеттері:

Білімділік:Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Дамытушылық Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,   пәнге деген қызығушылығын арттыру.                                           

Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.                           

Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

     I.          Ұйымдастыру кезеңі

   II.          Өтілгенді пысықтау


  1. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

  2. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

  V.          Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

  1. Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

       I.            Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



    II.            Өтілгенді пысықтау

Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?

Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?

 III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстырукезеңі

      ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:


  1. Жалпы

  2. ДК-де жұмысты бастау алдында

  3. Жұмыс істеу кезінде

  4. Авариялық жағдайларда

  5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
    розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

    1. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым  салынады.

    2. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
      Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

    3. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

      1. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
    сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

  2. Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
    жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

 

ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:



  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.

 

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК  КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

  1. Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);

  2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
    көрсету;

  4. Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жакын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек керсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);

  2. Күйген жеріне май жағу (винилин);

  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі токтағанда көмек көрсету:


  1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
    болса. қолмен орнына келтіру;

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
    жакын жердегі емдеу мекемесінен).

  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға) керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР1-жаттығу

-       Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

-       Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу

-  Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

-  Көздерінді талдырмандар.

-  Алысқа қадалын қарандар.

3-жаттығу

-  Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

-  Алысқа қадалын қарандар.

4-жаттығу

-  Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.

-  Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу

-  Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

-  Алысқа қадалып қараңцар.

6-жаттығу

-  Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

-  Алысқа қадалып караңдар.

7-жаттығу

- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.



IV. Жаңа ұғымдарды бекітукезеңі

«Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру» кроссвордын шешу.



V. Жаңа ұғымдарды қолданукезеңі

Көз талғанда жасайтын жаттығуларды орындау.



VI.Бақылау кезеңі

Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.



Үйге  тапсырма: «Информатика -  5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §1, 6-11 беттер. 



Информатикадан күнделікті сабақ жоспары "Информатика. Ақпарат "

5 сынып. 2 сабақ. Мерзімі: 12.09.2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:  Информатика. Ақпарат.

Сабақтың  мақсаты:   Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

 Білімділік: Ақпарат, информатика ұғымдарын қалыптастыру.

 Дамытушылық Оқушылардың   есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:    аралас сабақ

Оқыту  әдістері:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары:  компьютерлер, SIN.kz бағдарламасы, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

                    I.            Ұйымдастыру кезеңі

                 II.            Өтілгенді пысықтау

               III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

              IV.            Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

                 V.            Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

              VI.            Бақылау кезеңі

Сабақ барысы

                   I.            Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



                II.            Өтілгенді пысықтау

Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?

Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?

             III.            Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.

“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio   cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б  салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс  түрінде  бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,  жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің  негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта  да,  өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану,  зертеу нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған  дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.

 Ақпарат материялымен  және энергиямен қатар бізді қоршағанортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

     Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

1.      статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

2.      алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

3.      басқарушы және мәлімет беруші;

4.      объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.



Бейнелік  ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңбатүрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады

    IV.          Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын орындау.

V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі

Оқулықтағы «Өзінді тексер» сұрақтарына жауап беру.



VI.Бақылау кезеңі

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам  ақпараттың қандай түрлерін  қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?



Үйге  тапсырма: «Информатика -  5 сынып» Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, §2, 12-16 беттер




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет