5-сынып. Мұғалім кітабы
-
Дамытушылық:
|
Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде аспан әлемі жайлы қазақша ақпарат бере алады.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен тілдеседі, диалог құрады.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): модуль аясында шағын мәтін құрайды.
|
Негізгі түсініктер:
|
Аспан әлемі, жұлдыздар, құпия, Жеті Қарақшы.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желімқағаздар.
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Құнды пікір» стратегия- сы, «Сиқырлы қоржын» ойыны, «Жалпы сұрақ» техникасы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін
«шаттық шеңберін» құрады.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Құнды пікір» стратегия- сын қолданады.
|
Әр оқушы аспан әлемі жайлы өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Айтылым. Астроном- жұлдызшы ғалымға хат жазады, өзі білетін жұлдыз туралы айтады.
|
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Ғаламтордан аспан әлеміне қатысты ақпараттар ізде- теді, талдатады.
|
Ғаламтордан аспан әлеміне қатысты ақ- параттар іздейді, талдайды.
|
IV. Бекіту
|
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.
|
Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жазылған бір қағаз алады, түнгі аспан туралы сөйлем құрап айтады.
|
126
9-тақырып. Аспан әлемінің құпиялары
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау.
|
«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Планеталар туралы ақпарат іздеу.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипат- тайтын суреттер іледі.
|
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.
|
127
Достарыңызбен бөлісу: |