5-сынып. Мұғалім кітабы
3-4-сабақ
-
Сабақ тақырыбы:
|
«Өнер-білім бар жұрттар....».
|
Білімділік:
|
Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға қазақтың ағартушысы Ы. Алтынсарин туралы мағлұмат беру.
|
Дамытушылық:
|
Қазақ тіліндегі сипаттау мәтіндерінің негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақша мәтіндер арқылы рухани-мәдени тәрбие беру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша Ы. Алтынсарин жайлы ақпарат береді, шығармаларын атайды.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде Ы. Алтынсариннің қазақ біліміне қосқан үлесін айтады, өлеңдерін жаттайды.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Арба, дүниені кезу.
|
Сабақта қолданы- латын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, Ы. Алтынсариннің суреті, кітап көрмесі, А4 парағы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар .
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Бинго» ойыны, постер, «Кері байла- ныс» әдісі, жеке журнал.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек- тер тілейді.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан Ы. Алтынсаринге қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, ақынның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқиды.
|
Слайдтарды сипаттайды, өлең тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз- ша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
|
Оқылым. Суретке қарайды, автор туралы берілген мәліметтерді оқиды.
|
130
10-тақырып. Компьютердің тілін табу — өнер
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады. Ы. Алтынсарин
өлеңін мәнерлеп оқиды.
|
Жазылым. Айтылым. Ақын өлеңінің мазмұнын мұғалімнің көмегімен түсінеді, жаттайды.
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым.
Оқылым. Мәтінді тыңдайды, өлеңді мәнерлеп оқиды.
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 9-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Сөздердің аудармасын дәптеріне жазады, өз ойын таратып жазады.
|
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 6, 8,10-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Мұғалімнің көмегімен өлеңнің әр шумағындағы ойды түсіндіреді, өлең мазмұнын өз сөзімен айтады, мәтіннен артық мәліметтер мен жалған ақпарат- тарды алып тастайды, себебін айтады.
|
4. Сергіту сәті. Ы. Алтынсарин туралы постер (3-тапсырма) жасатады.
|
Постер жасайды.
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 11-тапсырманы орындатады. «Бинго» ойынын ұйымдастырады.
|
Жазылым. Ойын шартын орындай- ды.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.
|
Тапсырманың шартын орындайды.
|
IV. Бекіту
|
Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.
|
Әлемге танымал, нанотехнология саласында жетістікке жеткен жас отандастарымыз туралы ақпарат табады, ақпаратты сынып алдында айтады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушыларға «жеке журналын» таратып береді. Оқушылар өзін-өзі бағалап болғаннан кейін, мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушылар тақырып бойынша өз жетістіктерін бағалап, «жеке жур- налдары
на» бағасын қояды.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақшалар таратады.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаға көрсетеді.
|
5-6-сабақ
-
Сабақ тақырыбы:
|
Менің электронды поштам.
|
Білімділік:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы электронды пошта, ғаламтор жайлы ақпарат беру. Лексикалық тақырып аясында ілік септігін меңгерту.
|
131
Достарыңызбен бөлісу: |