5-сынып. Мұғалім кітабы
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Құнды пікір» стратегиясын қолданады.
|
Әр оқушы Қазақстандағы ұлттар достастығы жайлы өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 1, 4-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Кластерді толтырады, хат жазады.
|
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырма ны орындатады.
|
Айтылым. Диалог құрады.
|
2. «Білгенге маржан» айдарымен берілген мақалды талда- тады.
|
Мақалды талдайды, мағынасын түсіндіреді.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Жеке жұмыс. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Өлең құрастырады.
|
IV. Бекіту
|
Топтық жұмыс. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
|
Ойбөліс өткізеді.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау.
|
«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 2-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттай- тын суреттер іледі.
|
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.
|
150
12-тақырып. Ұлы даланың табиғаты
12-тақырып. Ұлы даланың табиғаты
1-2-сабақ
-
Сабақ тақырыбы:
|
«Алтынемел» ұлттық саябағында.
|
Білімділік:
|
Қазақ тіліндегі шағын мәтіндер негізінде «Алтынемел» ұлттық саябағы туралы мағлұмат беру.
|
Дамытушылық:
|
Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау, дұрыс ой қорытуға дағдыландыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақша сипаттау мәтіндері негізінде оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): «Алтынемел» ұлттық саябағы жайында айтады.
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында қойылған сұрақтарға жауап береді, ұлттық саябақты сипаттайды.
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады, мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Ұлттық қорық, үңгірлер, жер көлемі, мекендейді, қорықшы.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, «Ұлттық қорықтар» жайлы деректі фильм, маркерлер, үлестірмелі материалдар, смайликтер, желімқағаздар.
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, диалог, фотоколлаж, жағдаяттық тапсырма, «Болжау» стратегиясы, «Жеке әңгіме» техникасы.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
-
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.
|
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.
|
Өткен сабақты тек- серу
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ұлттық қорықтар» жайлы деректі фильмді көрсетеді, «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «қорық» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.
|
Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады.
|
151
Достарыңызбен бөлісу: |