Сабақ жоспары №4 Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит»



Дата01.06.2017
өлшемі168,47 Kb.
#17507
түріСабақ
Сабақ жоспары №4

Мамандығы: 0518000 «Есеп және аудит»

Өтетін күні: 15 ақпан 2016ж

Пән атауы: Бухгалтерлік есеп

Оқу тобы: ЕА-21

Өткізілетін орны: №24 дәрісхана


Сабақтың тақырыбы: «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының

есебі»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды болып табылатын әрбір субьект ақшалай қаражаты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерге ағымдағы шоттарын ашу, шотты ашу үшін ұсынылатын құжаттар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі формалары, синтетикалық, аналитикалық есебі туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Сабаққа белсенділіктерге арттыру мақсатында ізденугге, қосымша материал пайдалануға дағдыландыру. Есеп шығару арқылы білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз мамандығына деген жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа, дәлдікке, қазіргі заманға сай ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, өз бетінше жұмыс, баяндау, пікірлесу, тапсырма беру әдісін тиімді пайдалана отырып дамыта оқыту т.б.

Көрнекіліктері: Үлестірме таратпа материалдар, тапсырмалар, плакаттар, мәтіндер, слайдтар, тірек-сызбалар, нормативтік құжаттар, бланкілер(банк көшірмесі, журнал-ордер№2, ведомость№2, чек кітапшасы, төлем тапсырмасы, инкасса өнім, төлем-талап тапсырмасы т.б.)

Пәнаралық байланыс: Ақша, қаржы және несие, ұйым экономикасы

Күтілетін нәтиже:

  1. Банкіден ағымдағы шоттарды ашу үшін құжаттарды дайындауды үйрету.

  2. Операциялар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін төлем құжаттарын толтыруды үйренеді.

  3. Ағымдық банк шотындағы ақша қаражатының есебі бойынша негізгі шаруашылық операцияларға бухгалтерлік есеп жазуларында үйренеді.

  4. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алуды үйренеді.


Сабақ өткізу барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин)

Журнал толтыру, білім алушылардың сабаққа қатысуын, дәрісхананың сабаққа дайындығын қадағалау және т.б.

Оқытушы:

Алдымен екі топқа бөлініп отырайық және сабағымызды жылы

сөзбен бастайық. Кәне, екі топ бір-бірлеріңізге жақсы тілек тілеулеріңізге болады. (тренинг) (Мысалы: - бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілейміз)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. (15-20 мин)

1-тапсырма

Бухгалтерлік диктант (5 мин). Диктант мақсаты: сыни тұрғыдан ойлау, әдіс-тәсілін қолдану, уақыт беру.(Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі)



  1. Кіріс және шығыс кассалық ордерлер неше данадан толтырылады.(бір)

  2. Кіріс кассалық ордерде кімнің қолы болу керек (Бас бухгалтер, кассир)

  3. Шығыс кассаның ордерде кімнің қолдары болу керек.(бастық, бас бухгалтер, кассир, ақша алушы)

  4. Кассалық кітап неше данадан толтырылады. (екі)

  5. Касса шоты бойынша соңғы қалдықты қалай табылады. (Сқ-Бқ+К-Ш)

  6. Кассаға ақша келіп түскенде қандай құжат толтырылады. (Кіріс кассалық ордер)

  7. Кассадан ақша жіберілгенде қандай құжат толтырылады. (Шығыс кассалық ордер)

  8. Касса кілтінің екінші данасы қайяқта сақталады.(басшыда)

  9. Кассадағы операциялар есебі қандай журнал ордер және ведомоста жүргізіледі. (Журнал ордер№1, ведомость№1)

  10. Кассалық кітап қандай құжаттар арқылы толтырылады.(Кіріс кассалық ордер, шығыс касалық ордер)

  11. Журнал ордер №1 және ведомость №1 қандай құжат арқылы тотырылады (кассалық кітап)

  12. Түгендеу дегеніміз не?

  13. Түгендеу кезінде қандай құжаттар толтырылады?

  14. Жолдағы ақшалар дегеніміз не?

  15. Жолдағы ақшалар қандай шотта жүргізіледі?

  16. Инкассаторға ақшалар өткізгенде қандай құжат тотырылады.

2 тапсырма

«Бухгалтерлік жазбалар сөйлейді»ойыны

Төмендегі көрсетілген бухгалтерлік жазбалардын мазмұнын айтыңыз:


Дт Кт Дт Кт

  1. 1010 1030 1. 1010 1220

  2. 1010 1210 2. 1010 1230

  3. 1010 1250 3. 1010 1280

  4. 1010 1060 4. 1010 5030

  5. 3350 1010 5. 1010 3520

  6. 3310 1010 6. 2730 1010

  7. 1010 1050 7. 2410 1010

  8. 1330 1010 8. 1310 1010

  9. 1250 1010 9. 1020 1010

  10. 3010 1010 10. 1030 1010

ІІІ Жаңа оқу материалын белсенді сапалы игеруге дайындық.

Бұрынғы алған білімдерін қайталай отырып, жаңа тақырыпқа көшу.

IV Жаңа білімді игеру

Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар. (45-50 мин)



  1. Есеп айырысу шотын ашу тәртібі

  2. Банктегі есеп айырысу шоттары және өзге шоттар бойынша жасалған операциялардың құжатталды.

  3. Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттарының синтетикалық және аналитикалық есебі

1. Қолданылатын заңдарға сәйкес барлық ұйымдар ақша қаражаттарын, оларға қызмет көрсететін банктегі есеп шотында сақтауға міндетті. Есеп айырысу шотын ашу үшін банкке келесідей құжаттар тапсырылады:

-     белгіленген үлгідегі шот ашуға өтініш;



-     қол үлгілері мен мөр бедерлемесі бар екі карточ­­ка;

-    субъектінің салық есебіне қойылғандығын бекітетін салық қызметі органының анықтамасы;

-    мемлекеттік түркеуден өткендігі туралы куәлік көшір­месі;

-    жарғы көшірмесі мен құрылтайшылық шарт көшірмесі (құрылтайшылар бірден артық болған кезде). Барлық көшірмелер нотари­ат­пен расталуы тиіс.

Ағымдағы банктік шотын ашу туралы банк шешім қабыл­дағаннан кейін, келісім шарт жасалады. Онда банкімен есеп айырысу шотының операцияларын жүргізу және сол қызметі үшін есептелетін төлемдер анықталады. Ашылған есеп айырысу шотына банк арнайы номер тағайындайды. Сол номер есеп айырысу шотының операцияларын ресімдейтін құжаттардын барлығында көрсетіледі.

Ағымдағы банктік шотындағы ақша бойынша жасалатын операциялар қолданылатын заңдермен, негізінен, ақша қаражаттарының бос қалдықтары шегінде және шот иесінің келісімімен (акцептімен) шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Шот иесінің келісімінсіз бюджетке төлемдер бойынша мезгілінде төленбеген салықтарды, айып пұлдарды өндіру кезінде және өзге де жағдайларда жүргізіледі; бұл үшін бұйрықтар бойынша өндірушілердің ақша қаражаттарын талассыз түрде өндіру тәртібі белгіленген.

Бюджетке төлемдер мен еңбек ақы төлеуді енгізе отырып, ұйымдар шоттарынан барлық төлемдер банкке есеп айырысу құжаттарының (төлем мерзімдерінің келуі) күнтізбелік түсу кезегі тәртібінде жүзеге асырылады.


2.Банктегі есеп айырысу шоттары және өзге шоттар бойын­ша операцияларды ресімдеу үшін келесідей құжаттар қолданы­ла­ды:

Чек – шот иесінің банкке қолақша түрінде көрсетілген соманы еңбек ақыға, іссапарға, жедел-шаруашылық және өзге шығыстарға беруге бұйрығы.

Қолақшамен салым жарнасы  - шот иесінің банкке қол ақ­шамен салынатын, депозит ретінде енгізілген және өзге сома­лар­ды банктегі оның шотына есепке алу үшін қабылдауға бұйр­ығы. Жарнама бір дана етіп жазылып беріледі, банк қабылдаған ақшаға, шығыс кассалық ордерге тіркейтін квитанция береді.

Төлем тапсырмасы – онда көрсетілген сомаларды алушы­ның шотына аударуға банкке берілген бұйрық: төлеу туралы бастамашылық төлеушіден шыққан жағдайларда қолданылады. Төлем тапсырма орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша тауарлық-материалдық құндылықтар үшін есеп айырысу кезінде пайдаланылады (тапсырмада, тауарды босату фактісін, жұмыс­тар мен қызметтердің орындалғандығын растайтын тауар-көлік немесе өзге құжаттарға сілтеме жасалуы тиіс, сондай-ақ заңдар­да немесе шарттарда қаралған жағдайларда аванстық төлемдер кезінде, тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасаған жағдайда қолданылады).

Төлемдерді үш және одан да көп алушыларға бір мезгілде аударудың қажеттігі жағдайында жинақтау төлем тапсырмасы қолданылады.

Есеп айырысу чегі – чек берушінің шотынан алушы шоты­на онда көрсетілген соманы аударуға банкке берілген жазбаша түрдегі тапсырма. Чектермен есеп айырысу тауарлар мен қыз­меттер үшін жүргізіледі. Тауарлар мен жұмыстар қабылданғанда төлеуші – чек беруші есеп айырысу чегін төлем сомасын толты­рып алушыға береді. Есеп айырысу чегі, негізінен, чек алушы қызмет көрсететін банкке оны тапсырып чек берушіден онда көрсетілген соманы талап етіп алу үшін тапсырылады.  

Төлем талап – тапсырмасы – банкке тауар, жұмыс, қызмет алушы немесе төлеуші шотынан төлем сомасын өндіруге берген бұйрық. Төлем талап – тапсырма төлеушімен келісілуі (акцеп­те­луі) тиіс. Талап (требование) түсірілген тауарлық – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ есеп айырысу ережелері­мен белгіленген өзге жағдайларда қолданылады.

Есеп айырысу шотынан ақшаны есептен шығару жүргізіле­тін атқарушы құжаттар болып мыналар саналады: шаруашылық істері бойынша алқа бұйрығы; соттың берген орындау парақ­ша­ла­ры, нотариустер есепке алған қысқа орындау жазулары және өзге құжаттар.

Банк ұйымдардың шоттары бойынша әрбіріне жеке шот ашады (көшіргі қағаз арқылы екі данада). Бірінші данасы жеке шоттан көшірме болып саналады және шаруашылық ұйымына беріледі, екінші – жеке шот (есеп беті) банкіде есеп жүр­гі­зу негізі болып қалады. Көшірме орындаушының қолымен және көшірме үшін банк мөрінің бедерімен расталады. Көшірме­лер, бірінші немесе екінші қол құқығына ие тұлғаларға немесе ұйым сенім хаты бойынша өзге қызметкерлерге, ұйыммен келісе оты­рып белгіленген  мерзімде беріледі. Көшірмелер поштамен жібе­рі­луі немесе клиент үшін ыңғайлы жерде банк жабдықтаған абоненттік жәшіктер арқылы берілуі мүмкін. Клиент өкілі көшірмелерді алу үшін жеке шотта (бет есепте) немесе жеке карточкаға қол қояды.  

Банктен келіп түскен көшірмелер оған тіркелген құжаттар бойынша бухгалтерияда тексеріледі. Ұйым қате жазулар туралы 10 күннен кешіктірмей банкке хабарлауы тиіс, егерде ол басқа елді мекенде болатын болса – көшірме тапсырылғаннан кейін 20 күннен кешіктірілмей хабарлауы қажет. Банктің жетекшісі мен бас бухгалтері қате жазулардың әрбір жағдайының нақты себептерін анықтап, алдағы уақытта соған ұқсас қателіктерден сақтандыруды қамтамасыз ететін шаралар қолдануы тиіс.

Ағымдағы банктік шоттарын жабу оның иесінің өтініші бойынша: есеп айырысу шоттарын ашу үшін тиісті нормативтік актілермен қаралған белгілерінің ең болмаса біреуін жоғалтуға әкелген, ұйым қызметі сипатының өзгеруі кезінде (дербес балансының болуы және т.б.); аталмыш ұйым құрған органның шешімі бойынша; үш ай ішінде шотта жазулар болмаған кезде жүргізіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ ұйымның атауы немесе шот номері өзгерген кезде, шот иесі, беріліп отырған өтініштегі олардың номерін көрсете отырып, пайдаланылмаған чектердің қалдығымен чек кітапшасын банкке қайтаруға, есеп айырысу шотындағы қаражат қалдығын бекітуге міндетті.

3.Банкі­дегі есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарын есепке алу үшін 1030 «Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаты» шоты қолданылады.

Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттарының есебі бойынша негізгі бухгалтерлік есеп жазулары (проводкалар) 1-кестеде келтірілген.

Ағымдағы банктік шотындағы ақша есебі

п/п


Шаруашылық операцияларының

мазмұны


Корреспонденциялық

шоттар


Дебет

Кредит

1

2

3

4

1.

Сатып алушылардан түскен төлемдер:

- алуға арналған есептеулер



 

1030


 

1210


2.

Ақша қаражаттарының түсуі:

-   еншілес, тәуелді ұйымдардан және бірлескен түрде бақылайтын заңды ұйымдардан 



 

 1030


 

 1230


- бағалы қағаздар бойынша шектел­ген пайыздар мен дивидендтер

 1030

 1270

 

-  ұзақ мерзімдік жалға берілген не­гіз­гі құралдар бойынша жалдық ақы

 1030

 1620

- кассадан

1030

1010

- жолдағы ақшалар

1030

1020

3.

Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар сомасының түсуі:

-  акционерлік қоғамдарда



 1030

 5010

-  серіктестіктерде

1030

5030

4.

Алынған аванстар сомасының көрсетілуі:

-   тауарлық-материалдық қорларды жеткізуге берілген



  

1030


  

3510


-  жұмыстарды орындауға және қызмет­тер көрсетуге берілген

 1030

 3510

5.

Шаруашылық ұйымының алған кірістерінің есепке жазылуы:

- негізгі қызметтен



  

1030


  

6010


-   негізгі емес қызметтен

1030

6280

6.

Банктен немесе банктік емес мекеме­лерден алынған қарыздарды есепке жа­зу

 1030

 3010

7.

Есеп айырысу шотынан аударылған:

 сатып алынған бағалы қағаздар үші­н;

 1130-1140 

 1030

-   жинақтау шотына

1050

1030

-  алдағы кезеңдер шығыстары

1620

1030

- - тауарлық-материалдық қорларды жеткізуге,

жұмыстар орындау және қызметтер көрсетуге аванстар



 

1610


  

1030


-  жабдықтаушыларға және мердігер­лер­ге

 3310

 1030

 

  • бюджетке табыс салығы

3110

1030

- қосымша құнға салынған салық

3130

1030

-  өзге салықтар

3190

1030

- жинақтаушы зейнет ақы қорларына

3220

1030

8.

Кассаға қол ақшамен берілген

1010

1030

9.

Төленген шығыстар:

-   тауарларды, дайын өнімдерді өткізу бойынша



  

7110


  

1030


-  әкімшілік шығыстары

7210

1030

10.

Банктен немесе банктен тыс мекеме­лерден алынған қарыздарды өтеу жүр­гі­зіледі

 3010

  1030

Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты бойынша операциялар машинограммаларда немесе №2 журнал – ордерде және №2 журнал – ордерге тіркелетін ведомстарда есепке алынады. №2 журнал – ордердегі және оған тіркелетін ведомстардағы жазулар банк көшірмелері және оған тіркелген құжаттар негізінде жүргізіледі.
V Жаңа білімді пысықтау. (10 мин)

Есеп шығару

І топ тапсырмасы

ІІ топ тапсырмасы


VІ Сабақты бекіту. (3 мин)

  1. Банк мекемесінде ағымдағы банктік есепшот не үшін ашылады?

  2. Есепшотты ашу үшін қандай құжаттар банкке өткізілу керек?

  3. Банктегі есеп айырысу шоттары операцияларды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қолданылады?

  4. Банк көшірмесі қандай құжаттар арқылы тотырылады?

  5. Банк көшірмесінде не көрсетіледі?

  6. Синтетикалық есебі қай шотта жүргізіледі?

  7. Аналитикалық есебі қандай журнал ордерде және ведомосте жүргізіледі?

VІІ Рефлексия. (2 мин)

Біз не үйрендік, нені меңгердік (кесте бойынша талдау)
VІІІ Сабақты қорытындылау.(2 мин)
ІХ Бағалау. (2 мин)

100 пайыз студенттер бағаланады.


Х Үйге тапсырма беру. (2 мин)

  1. В.К Назарова «Бухгалтерлік есеп» 119-140 бет

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда»колледжі


«Келісемін» Бекітемін

Колледж әдіскері: Директордың оқу ісі

............... Альмердинова У.М жөніндегі орынбасары

« » ................... 2016ж ............. Рахымжан А.Б

«........».................2016ж


АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының

есебі»

Пәні : «Бухгалтерлік есеп»



Мамандық : 0518000 «Есеп және аудит»

Оқу тобы: ЕА-21

Пән оқытушысы: Оспанова Р.М

Қаралды


«Экономикалық-техникалық

және арнайы» пән бірлестігінде

.............Абдимомынова М,Ш

«.........»................2016ж




Қызылорда 2016ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет