«Бекітемін»
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_______С.Ботантаева
Сабақ жоспары № 40
Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: __________
Тобы: ПО-17
Сабақтың тақырыбы: Қандай мамандар сұраныста?
Сабақтың эпиграфы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»
Ж.Аймауытов
Мақсаты :
Білімділігі: Студенттерге қазіргі еңбек нарығында сұраныстағы мамандар туралы, мамандықтардың түрлері жайлы мағлұмат беру;
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу нормаларын қалыптастыру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ойын түрлері арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту;
Тәрбиелік мәні: Әр түрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін оята отырып, ұлтжандылық пен Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, дидактикалық ойындар, «Миға шабуыл»
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық проектор, слайд, карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
Сәлемдесу. Кезекшімен тілдесу. Студенттердің сабаққа даярлығын тексеру.
Екі топқа бөлу. Әр топтың атын, басшыларын анықтау (тақтаға алма ағашының суреті ілінеді, әр топтың дұрыс жауабы «алма жемісі» түрінде бағаланады).
Қызығушылығын ояту: (3мин)
«Бұл кім, тауып көрші?» ойынын ойнату. Жұмбақ шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
1) Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
2) Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (Тігінші)
3) Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
4) Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5) Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)
6) Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (Ұстаз)
7) Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (Мұғалім)
8) Адамның жүзін,
Басы мен көзін
Айнытпай салатын
Салатын кім суретін? (Суретші)
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Студенттерге сабақтың мақсатын айту. (7мин)
2.Кіріспе: -Балалар, мамандық дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? (Студенттердің жауабы)
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
-Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? (Студенттердің жауабы)
Еңбек – адамның материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.
Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек, арнайы білім алу керек.
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.
-Қазіргі еңбек нарығында қандай мамандар сұраныста деп ойлайсыңдар?
Мамандар болжамы бойынша жақын болашақта кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс өте жоғары екен.
Бағдарламашылар, веб-дизайнерлер, нанотехнологиямен байланысты мамандар: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ғарыш технологиялары, биотехнология мен электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету саласы мамандары сұранысқа ие мамандардың тізімінде екен.
Ал аспазшы, тігінші, автомеханик, құрылысшы-сылақшы, техник-сантехник, медбике және т.б. мамандар үнемі сұраныстағы мамандар болып табылады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Жаттығулармен жұмыс:
3.Тапсырма: (7мин)
І топқа – «Аспаз» сөзін септеп, жіктеу;
ІІ топқа – «Даяшы» сөзін септеп, жіктеу.
4. -«Миға шабуыл».-Ой-қозғау. Әр топқа карточка беріледі.
Тапсырма: Мамандықтарды классификациялау (топтау) (8мин)
«Адам-табиғат»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: өсімдіктер,жануарлар, микроорганизмдер.
|
|
«Адам – техника»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: техникалық объектілер (машиналар, механизмдер), материалдар, энергия түрлерімен.
|
|
«Адам-адам»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: адамдар.
|
|
«Адам-компьютер»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: шартты белгілер, цифрлар, кодтар, нағыз немесе жасанды тілдер.
|
|
«Адам-көркем образ»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: көркем образ, образды жасау тәсілдері.
|
|
(Мамандықтар атаулары)
кинолог, ветеринар, зоотехник, агроном, гүл өсіруші, химия-бактериологиялық сараптаманың лаборанты, инженер-механик, сәулетші, электромонтажшы, радиомеханик, құрылысшы, компьютер жинақтаушы, телекоммуникация маманы, дәрігер, мұғалім, психолог, шаштараз, экскурсия ұйымдастырушы, менеджер, көркем жетекші, аударушы, экономист, инженер,топограф, хатшы, программист, артист, актёр, суретші, музыкант, дизайнер, мүсінші, журналист.
5. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»-өзін-өзі тану. (3мин)
Студенттер ұнатып таңдаған геометриялық фигуралардың мағынасын ашу.Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жианап ұйымдастыру, реттеу, және жүйелеу қабілетің
баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңнің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырауға ұсыныс айтамын.
Шеңбер. Сенде адамгершілік қасиет жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес.Олардан бойыңды аулақ ұстайсың, сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың. Сенің қоғамда, өмірде жоғары көтерілуге бейімділігің бар.
6. Сөз кезегі топбасшыларға келді . Капитандар сайысы (пантомима). (5мин)
Әр топтың басшысы қимылмен бір мамандықты көрсетеді. Қарсылас топ мамандықтың атын атау керек. (Үш мамандықты көрсетеді)
7. “Ең , ең жақсы “ойыны. (2мин)
Ең, ең ақшасы көп.....(банк қызметкері)
Ең, ең жасыл.....(бақташы, гүл өсіруші, географ)
Ең, ең тәтті....(аспаз, кондитер)
Ең, ең күлкілі......(клоун)
Ең, ең жауапты.........(сот, бухгалтер)
Ең, ең салмақты.....(заңгер, мұғалім)
Ең, ең қарым қатынасы күшті.....(бизнесмен)
V. Қорытындылау: (3мин)
Рефлексия.
1. Қазіргі еңбек нарығында қандай мамандар сұраныста?
2. Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеуіміз керек?
(Оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасады.)
3. Қазіргі заман талабына сай, дамыған елдің маманы болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
4. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Сабақ сендерге ұнады ма?
VІ. Үйге тапсырма беру: (2мин)
141 бет, 6- жаттығу. Еліміздегі ең таңдаулы мамандықтардың тізімін жасаңдар. Олардың артықшылықтарын атаңдар.
VІІ. Бағалау. (2мин)
Студенттердің білімін бағалау.
Пән оқытушысы: Б.Мукашева
Достарыңызбен бөлісу: |