Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан



бет42/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#79660
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Оқу бағдарлама сына
сілтеме



Оқу мақсаттары



Ұсынылатын оқыту іс- әрекеттері



Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша)



Оқыту ресурстары

1.1
Қоршаған ортаны білу және түсіну

2.1.1.1
Қоршаған ортамен танысу барысында нысандар мен құбылыстардың визуалды сипаттамасын (түс, пішін, өлшем,фактура) суреттеу және түсіндіру

Біз де спортшылармыз!







(С) Спортшылар мен спорт туралы бейнеролик немесе таныстырылымды көруді ұсыныңыз.
(С, Қ) Оқушылардан көрсетілген материал негізінде және өз бақылаулары бойынша сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз.

  • Спорттың қандай түрлері бейнеленген?

  • Саған қай спорт түрі ұнайды? (неліктен?)

  • Сендер қандай танымал спортшыларды білесіңдер?

  • Оқушыларға спортшылардың белгілі бір қозғалыста тұрған суреттерін көрсетіп, мұқият қарап шығуларын, қандай спорт түріне жататынын сұраңыз. Мұны қалай анықтауға болады? Әртүрлі қозғалыс кезінде адамның бейнесінде не өзгереді? Адамдар спортпен не үшін шұғылданады?

(Т, Қ) Оқушыларға спортшылардың белгілі бір спорт түрімен шұғылданып тұрған суретін аппликация техникасында жұптасып орындауын ұсыныңыз.
Оқушылар өз беттерінше қимаүлгілер арқылы адам денебітімінің бөліктерін белгілі бір түстегі қатырма қағаздан қиып алып дайындайды. Кереғар түсті қатырма қағаздың екінші парағына адам

Мұғалім адам баласын спортпен шұғылдану ерте замандардан бері қызықтырғанын оқушыларға көрнекі құралдар арқылы түсіндіруі керек. Дәлел ретінде оқушыларға әртүрлі антикалық спортшылардың суреті бейнеленген ежелгі Грек амфорын, ежелгі Египет пирамидасының қабырғасында салынған жүгіруден жарыс, секіру, ескек есу, арба дөңгелектерімен жарысу бейнеленген суреттерді көрсетіңіз.
Сонымен қатар спорттың алуан түрлері бейнеленген суреттер мен атақты шетелдік және Қазақстандық спортшылар бейнеленген бейнематериалдарды дайындаңыз.

Адам денебітімінің бөліктері бейнеленген дайын қимаүлгілерді таратыңыз.


Оқушылар кеуденің, қолдың және аяқтың бірдей доғал пішінде бейнеленгенін, бірақ өлшемі жөнінен ерекшеліктері бар екенін анықтайды.
Оқушыларға аппликацияны берілген спорт түріне тән қосымша нышандармен (футбол добы, теннис ракеткасы, секіруге арналған сырық және т.б.) толықтыруларын ұсынуға болады.
Қауіпсіздік техникасы мен тазалық гигиенасын сақтауларын қадағалаңыз.

Түрлі-түсті қатырма қағаз,
желім (қарындаш), қайшы.

Адам денебітімі бөліктерінің қимаүлгілері (бас, дене, екі қол бөлігі , екі аяқ бөлігі, табан, қол білезіктері)


Спортпен шұғылданып жатқан адам бейнелерінің постерлері; қозғалыстағы спортшылардың фотосуреттері


Интернет ресурстар: Қозғалыстағы адам суретін қалай салу керек


http://kak- narisovat.narod.ru/kak- risovat-cheloveka- risuem-lyudej- karandashom-v- dvizhenii.html










денебітімінің дайын бөліктерін орналастырып, спортшының әртүрлі қозғалысын жасайды.
Спортшының қозғалыстағы бейнесін жасау.
Берілген спорт түріне сәйкес қозғалыстың бірнеше нұсқасын жасап, сәтті шыққан суретті желім арқылы жапсырыңыз.
(Ж, Қ) Бір-бірінің суреттерін қарастырып, оқушылар спорт түрін анықтайды және спорттың адам өміріндегі маңызы жайлы айтады.
Берілген тапсырманы орындау барысында тазалық ережелері мен кесетін құралдарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды.








1.2 Тарих, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну

2.1.2.1
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын анықтау және олардың айырмашылық ерекшеліктерін (сипаттамасын) суреттеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет