(С, Қ) Оқушылар суреттерді таңдап, бейнелерді зерттейді, бағыттар бойынша топтар құрады.
Топты таңдап, өздерінің қима қағаздарындағы бейнені және таңдалған топтың бағытын талқылайды.
Мұғалім топқа бөлінудің мақсаты мен тапсырманы түсіндіреді.
Оқушылар берілген бағыттар бойынша бүктеме жасауы керек, яғни тапсырманы А4 форматында ашық, түрлі-түсті жылы түстер мен әртүрлі техникаларды (сурет, аппликация, коллаж) қолданып орындауы қажет.
Мұғалім бүктемелердің негізгі құрамын
Берілген сабақта мұғалімге өткен сабақтардың тапсырмаларын қорытындылау үшін, тапсырманы мұқият ойластыру ұсынылады. Тапсырмаларды орындау үшін топтық жұмыс ұйымдастыру ұсынылады.
Ойын түрінде топтарға бөлуге болады. Оқушылар санына қарай үлестірмелі парақшаларды келесі бағыттар бойынша дайындаңыз:
қозғалыс (әртүрлі қозғалыстағы денебітімдердің суреттері), дұрыс тамақтану (денсаулыққа пайдалы азық- түлік суреттері), салауатты өмір салтына қажетті заттар (спорт құралдары,
негізгі идеясын және процесін түсіндіріп таныстыру
(мұқаба, беттер, бүктеме мазмұны) түсіндіре отырып, бүктеме (буклет) үлгілерін көрсетеді.
(Т, Қ )Топтарында тақырыпты талдап, рөлдерге бөлініп, негізгі көркем бейнелеу құралдары мен техникаларын таңдайды.
Оқушылар А4 форматты бүктеме парағымен өз парақшаларын, мұқабаларын жасайды. Олар жұмыс барысында өз жұмыстарын талқылап, бейнелеу барысында материалдар мен техниканы таңдауға көмектеседі.
Жеке жұмысты орындап болған соң оқушылар топ ішінде бүктемені құрастырады. Барлық топтардың жұмыстарын бір бүктемеге біріктіруге болады.
Бүктеме құрастыру кезінде оқушылар степлер, желім, скотч және т.б. қолдануларына болады.
(С, Қ) Оқушылар өз жұмыстарын сыныптастарының алдында таныстырады. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шығармашылық идеяларын талқылайды. Оқушылар барлық жұмыстарын сынып кітапханасына орналастыруына болады.
велосипед, белтемір, тіс пастасы, тіс щеткасы, т.б.).
Тапсырманы орындау кезінде оқушыларды алдағы уақытта бүктеме қағазды, жеке жасауға бағыттау керек.
Оқушыларға топтарда жеке жұмыстардың тақырыптарын, тапсырманы топ ішінде бөлісіп алуды ұсыныңыз (мысалы, таңдалған идеялар бейнеленген ішкі парақтары мен мұқаба).
Практикалық жұмысты орындау барысында оқушылар кесетін және үшкір заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтаулары қажет.