Сабақ жоспары 9 Пән: Көркем еңбек 2-сынып -тоқсан



бет6/82
Дата06.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#79660
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82

Орта мерзімді жоспарлар


Көркем еңбек Бастауыш мектеп 2-сынып

1А-бөлім: Өзім туралы

Осыған дейін меңгерілген білім

1-сыныпта көркем еңбек тақырыптарында меңгерген білімдері мен дағдылары бар.

Тілдік мақсаттар

Осы бөлімнің тілдік мақсаттары
Оқушылардың пәндік мақсатқа жетуіне бағытталған академиялық/сыныптық тілде түсінікті жазылған тілдік мақсат үлгісі төменде берілген

Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология

Диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері

Оқушылар:

  • қарапайым ойыншықтар мен қуыршақтарды қалай жасағанын түсіндіре алады.

Келесілер қамтылады:

  • қуыршақ, жіптен жасалған қуыршақ, қолғап қуыршақ;

  • ағаш, металл, жіп, мата, тоқыма өнімдері, пластмасса, қатырма қағаз;

  • компонент, кішкентай көздер, ілмектер, жіп, көз, киім;

  • кесу, тігу, егеу, кесіп алу, үлгілеу, пішінін келтіру, пішінін құю;

  • желімдеу, жабыстыру, тігу

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қуыршақ/ойыншық қандай материалдан жасалған?

  • Ол қалай жиналған?

  • Қандай материалдар қолданылды?

  • Материалдар бір-бірімен қалай біріктірілді?

Неліктен….. айта аласың ба?

  • … көз/бет/дене үшін ағаш/жіп қолданғанын

  • … мына жерде желімденіп, мына жерде тігілгенін

Басқа да тілдік мақсаттарды белгілеу және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.

Қысқаша шолу

Бұл бөлім барысында оқушылар 1-сыныпта алған дағдыларын, білімдері мен түсініктерін қайталайды және дамытады. Олар қарапайым қозғалатын ойыншықтарды/қуыршақтарды зерттеу, жобалау мен жасау арқылы жасалған әлем бұйымдарының сыртқы келбетін және қызметтерін зерттеуді жалғастырады. Олар үдерісті сипаттаумен жоспарлау дағдыларын, қарапайым материалдар мен компоненттерді қосу, бекіту және өлшеу дағыдаларын дамытады. Оқушылар нәтижелердің сапасына, егжей-тегжейлігіне және тиімділігіне назар аудара отырып, өз бұйымдарын жасау
үшін жеке, сондай-ақ шағын топтарда жұмыс жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет