5 –сабақ 26.02.2014. 11 сынып
|
Қазақстан тарихы
Тақырыбы: 1937-1938 жж қуғын-сүргін
Мақсаты және күтілетін нәтижелері:
Біледі: Сталиндік жаппай жазалау, жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялы қауымы туралы біледі
Түсінеді: Алаш азаматтарының не үшін күрескені туралы түсінуіне қол жеткізу.
Қолданады: «халық жауы»
атанған азаматтардың ақталуы туралы, ақын – жазушылардың шығармаларының жарыққа шығуы, оқулыққа енуі жайында және оны оқып-үйренуді қолданады
|
Сабақта сұрақ қоюдың үлгісін «бастама – жауап – кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысанын қолдандым.
Электронды оқулықтан тест тапсырмаларын орындайды, сызбалар көрсетіледі, картамен жұмыс болады.
Жеке оқушылар пікірлері тыңдалды.
Жұппен жұмыс
Топпен жұмыс.
|
Ойлануға уақытты ұлғайта отырып оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік бердім.
Оқушылардың жауаптарына талдау жасау.
|
Сынып оқушыларын сабаққа толығымен тарту үшін алдымен үй тапсырмасы бойынша жауабы жасырын тұратын сұрақтарды интерактивті тақтаны пайдалану арқылы қойып, оны топпен ақылдасып, бір ортақ шешімге келіп, жауаптарын арнайы қағазға маркермен жазып көтеру арқылы жүзеге асырамын.
Сызбалар арқылы әркім өз ойларын қорытындылай білу тапсырмаларын беремін.
|
Сұрақтарды толықтыруға қатыстыру, сұрау негізінде.
Сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаландым.
|
Қазақстан тарихы 11 сынып оқулығы – 2011 ж
9 сынып оқулығы - 2009
Дидактикалық материалдар – 10 сыныпқа арналған
Ақиқат журналы.
«Алаш.Алаш» Алматы. 2008
|