Білімділік:Білім алушыларға үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту
Дамытушылық: Шығармашылығын дамыту. Балалардың дүниетанымын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: Білім алушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың кезеңдері, уақыты
Педагогтің әрекеті
Білім алушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
15 мин
Ұйымдастыру: - Сәлемдесу
- Түгендеу
-Назарларын сабаққа аудару
Психологиялық ахуал: Шаттық шеңбері «Сиқырлы кітап» бір-бірлеріне кітапты беру арқылы білімді бол, ақылды бол, зейінің ашылсын т.б тілектер айтады.
Үй тапсырмасы
Білім алушылар бір-біріне кітап беру арқылы тілектер айтады.
Жаңа тақырып Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Түсіндіру.
1тапсырма Керекті сөздер:ішінде,алды, артында,
сыртында, артта, арты
1. Өнер…-қызылтіл.
2. Үй……кісі бар,әр нәрсемен ісі бар.
3. Мал аласы……,адам аласы….
4. Адасқанның алды–жөн,…-соқпақ
5. Бала-…..қалған із
2 тапсырма Терме диктант Батыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызумен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Енесей мен Ұлпан, Несібелі – үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар, Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.
3 тапсырма Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.
Ата – ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.
4 тапсырма Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма?
Электр, станция, ансамбль, вольт.
5 тапсырма 1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.
2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса
Жұлдыз, Ұлдай.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
Дәптермен жұмыс
Диктанат жазады.
Тапсырмаларды орындайды.
«Мадақтау» әдісі
«Бас бармақ» әдісі арқылы
Смайликтер арқылы бағалау.
Оқулық, дәптер, қима қағаздар
Сабақтың соңы
10 мин
Кері байланыс: Білім алушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды?