Сабақ жоспары Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Қоршаған ортаны қорғау



бет4/5
Дата31.03.2022
өлшемі202,85 Kb.
#137447
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
қМЖ Шапағат 2
Metodika-prepodavaniya-matematiki-2, 9 а [Автосохраненный], Тематика)
Сабақ соңы
4 минут

«Бір минут» әдісі. Топтар ретпен бір минут ішінде жас кезеңдерңне байланысты қазақтың салт- дәстүрлері жайлы білетіндерін тоқтамай, қайталамай айтады және топ атауын
Дескриптор:
ҚБ. Таңбалар арқылы бағалау.
Кері байланыс.

Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, гүлді көктүске;
Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірсең, сары түске;
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалім көмегі қажет болса, қызыл түске боя.
Егер қаласаң, бәрін бояуыңа болады.
Үйге тапсырма. Әр халықтың салт- дәстүрлері жайлы іздестіру

Кері байланыс гүлі

Қосымша ақпарат

Қосымша салт-дәстүрлер.
“Қой басты” еретеде киіз басушылар, киіз тебу, пісіру кезінде оны үй арасында домалата жұріп, бір үй тұсына келгенде “қой басты” деп айқай салады, үй иесі киіз басушыларға құрт, май, шай, немесе қой сойып, дастарханға шақырып тамақ берген.
“Шарғы” деген дәстүр өзіне таяу сіңілісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген мағына екен.
“Біз шаншар” салты “жаушы” орнына жүреді екен. Бұрындары ақсақалды кісілер бір топ ер азаматтар бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп, аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы тұрған бізді тауып алады. Бұл “бізде ұл бар, сізде қыз бар, құда болайық” дегенді білдіреді екен.
“Қап қағар” –қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қапта болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр “ ет қайтар” деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөліп жейді.
“Наурыз төлі” төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға бермейді. Мұндай мал тек қызығына, тойына сойып, ырым еткен.
Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.
Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет