Сабақ жоспары Физика



Дата17.02.2017
өлшемі141,62 Kb.
#9535
түріСабақ
7 сынып Сабақ жоспары Физика

Сабақ тақырыбы: Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.


Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қозғалыстағы дененің орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді, яғни орын ауыстыру деп аталатын физикалық шаманы таныстыру.
Дамытушылық: орын ауыстырудың өлшем бірлігімен таныстыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: сабаққа ойын элементтерін енгізу арқылы оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: плакаттар, жұмыс дәптері, сөзжұмбақ, балықтар, штатив.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу.
Пәнаралық байланыс: математика, астрономия.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
б/ жаңа сабақтың мақсат - міндеттерін айту.
в/ Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (6 мин)
а/ Штативке ілінген балықтарды қайшымен қиып арқылы сұрақтарға жауап береді.
Дененің қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қалай аталады? (қозғалыс траекториясы)
Материялық нүкте дегеніміз не? (қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене)
Қисық сызықты қозғалысқа не жатады? (шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғалыс)
ІІІ. Қызығушылықты ояту
Мақалдың физикалық баламасын табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Өрісті жол елге жеткізер,
Өзен - су көлге жеткізер.
Соқпақ жолға жеткізер,
Жол молға жеткізер.
Жаңа сабақты меңгеру. (15 мин)
Дененің орын ауыстыруы деп қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады. Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы сол уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
Дененің жаңа орнын табу үшін оның бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын кесіндінің бағытын да білу керек. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған дененің орын ауыстыруы болып табылады.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. 48, ә - суреттегі кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың арақашықтықтары бірдей. Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты қозғалады.
Тамызғыштың шүмегін қаттырақ ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей қашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бақылайық (48, ә - сурет). Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның қозғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уақыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің арақашықтықтары бірдей емес. Демек, бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес қозғалады. Осы қозғалыстардың салыстырмалы көрінісі 49 - суретте келтірілген.
Бірліктердің Халықаралық жүйесінде (SΙ) орын ауыстырудың бірлігіне метр (м) алынады.
ІV. Оқулықпен жұмыс (5 мин).
V. Сергіту сәті (3 мин)
Жұмбақ жасыру.
1. Арқаным бар тым ұзын,
Кесіп бірақ ала алмайсың бір үзім. (Жол)
2. Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам,
Оны жинай алмайды. (Жол)
VІ. Жаңа сабақты бекіту (6 мин).
Сұрақ қою арқылы сұрақ қойып, жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру.
♦ Орын ауыстыру деп нені айтады? (Қозғалыстағы дененің бастапқы орнымен келесі орнын қосатын бағытталған кесінді)
♦ Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? (Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады)
♦ Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? (Дене тең уақыт аралағында ұзындығы әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты емес қозғалыс деп аталады).
♦ 1, 5 км - дк қанша м бар? (1500м)

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау. (4 мин)


10 - тапсырманы орындау.
VІІІ. Үйге тапсырма. (2 мин)
§23 - 24; 6 - жаттығу; Өзін - өзі тексеру сұрақтары.
ІХ. Бағалау. (2 мин)
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

Сабақтың тақырыбы: Жол және орын ауыстыру.


Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар
Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі оқушыларға механикалық қозғалыстар, жол және орын ауыстыру туралы терең мағлұмат беру, бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс- тардың негізгі шарттарын түсіндіру.


ә) дамытушылығы: танымдық деңгейлерін кеңейту, жол және орын
ауыстыру шамаларын ажырата білуге дағдылан-
дыру, ойлау қабілеттерін дамыту
б) тәрбиелілігі : оқушыларды білімділікке,ізденімпаздыққа, ұйым-
шылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру
Сабақтың әдісі: ауызша баянлау, көрнекілік, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тест тапсырмалары
Әдебиеттер: Физика – 7

Сабақтың құрылысы:


І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Механикалық қозғалыс деп нені айтады?
Санақ жүйесі дегеніміз не ?
Материялық нүкте дегеніміз не ?
Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз ?
Қозғалыс түрлерін қалай ажыратуға болады ?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жол және орын ауыстыру.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті

Ағаштар тербеледі
Теңіз бетіндегі су толқиды
Кеңістіктегі денелер қозғалады
Аспан әлеміндегі планеталар Күнді айналады
Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу келісілген.
Қозғалыстағы дене әрқашанда белгілі бір бағытта қозғалады. Мысалы, дененің бастапқы орны А нүктесі болсын.Осы дененің белгілі бір уақыттан кейінгі В жаңа орнын В нүктесін табу үшін , оның бастапқы орнын соңғы орнымен қостаын кесіндінің бағытын білу керек.
Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесінді дененің орын ауыстыруы болып табылады. Орын ауыстыруды ℓ әрпімен белгілейді және ол бастапқы нүктеден соңғы нүктеге қарай бағытталған болып есептеледі.
Дененің (немесе материялық нүктенің) орын ауыстыру деп дененің бастапқы орнын оның соңғы орнымен қосатын бағытталған кесіндіні атайды
Дененің орын ауыстыруы мен қозғалыс траекториясын ажырата білу керек. Қозғалыс траекториясы мен орын ауыстыру бір-бірімен дәл келмеуі мүмкін.
Сонымен дененің кез-келген уақыт мезетіндегі орнын табу үшін оның бастапқы орнын және сол уақыт мезетіне дейінгі орын ауыстыруын білу керек.
Дене бірдей тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта сирек кездеседі. Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты болмайды.Мысалы, поезд орнынан қозғала бастағанда өзара тең уақыт аралықтарында барған сайын ұзағырақ жол жүреді.
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. Кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған.Тамызғыштан өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтықтары бірдей.Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бір қалыпты қозғалады.
Тамызғышты кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық.Бұл жағдайда да тамшылар бірдей қашықтыққа түседі.
Демек, өзара тең уақыт аралығында арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бақылайық.Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның қозғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уақыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің ара қашықтықтары бірдей емес. Демек, бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес қозғалады.

Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:

1. Бірқалыпты қозғалысқа анықтама беріңдер.
2. Бірқалыпты емес қозғалыстың бірқалыпты қозғалыстан айырмашылығы қандай ?
3. Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы неде ?
4. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма,әлде жолдың ұзындығы ма ?
5. Автомобиль есептеуішінің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді:автомобильдің жүрген жолы ма,әлде орын ауыстыру ма ?
6. Дененің бастапқы орны мен оның жүріп өткен жолының ұзындығы белгілі болса,дененің соңғы орнын табуға бола ма?

Сабақтың тақырыбы: §22, 23. Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: оқушыларға  материялық нүкте, троектория, жол және орын ауыстыру туралы ғылыми түрде түсіндіру.                          

2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.     

3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, арбаша, сағат, жіп, маятник, метроном, секундомер.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ.  Жаңа сабаққа дайындық.

1. Механикалық қозғалыс.

2. Жол туралы не білесің?

3. Уақыт, жылдамдық.

4. Планетаның түрлерін ата.

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру.  Электрондық оқулық арқылы түсіндіру.                          

1. Материялық нүкте.

2. Қозғалыс троекториясы

3. Жол


4. орын ауыстыру

5. Кеңістік

6. Түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс.

Дененің (мысалы ұшақтың) қозғалатындығы немесе қозғалмайтындығы туралы төрелік айту үшін алдымен санақ денесін таңдау керек, ал содан кейін қарастырылатын дененің таңдалынған денемен салыстырмалы түрде орны өзгере ме, осыны анықтау керек. Сол кезде дене әлде бір санақ денесімен салыстырмалы түрде қозғала алады және бір мезгілде басқа басқа санақ денесіне қатысты қозғалмайды. Мысалы, пойызда отырған адам темір жол полотносына қатысты қозғалады, бірақ пойыз вагонымен салыстырғанда тыныштықта тұрады. Жерде жатқан тас Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрады, бірақ Күнге қатысты (Жермен бірге) қозғалады. Аспандағы ұшақ бұлттарға қатысты қозғалады, бірақ ұшқыштың орындығында отырған адамға қатысты тыныштықта тұрады. 

Міне сондықтан, санақ денесін көрсетпестен, берілген дене қозғала ма жоқ па, ол туралы айтуға болмайды. Санақ денесін көрсетпестен сендердің кез келген жауаптарыңның мағынасы болмайды. Қазір сендер отырған ғимарат тыныштықта тұр ма? Бұл сұраққа жауап санақ денесін таңдауға байланысты. Егер санақ денесі Жер болатын болса, онда, иә, тыныштықта тұрғаны. Бірақ егер санақ денесі ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан автомобиль болса, онда оған қатысты ғимарат қозғалатын болады. Дененің қозғалысын сипаттау оның кезінде мөлшері қандай рөл атқарады? Кейбір жағдайларда дененің және оның бөліктерінің мөлшерін көрсетпеске болмайды. Мысалы, автомобиль гаражға кіргенде, гараж бен автомобильдің мөлшері оның иесі үшін аса маңызды рөл атқарады. Бірақ дененің мөлшері маңызды болмайтын көптеген жағдайлар да бар. Мысалы, егерде сол автомобиль Мәскеуден Санкт-Петербургқа қозғалатын болса және автомобильдің қозғалыс жылдамдығын есептеу талап етілсе, онда бізге оның мөлшерінің қандай екендігі бәрібір. Егерде дененің мөлшері қарастырылатын есептегі қозғалысқа тән қашықтықтан көп кіші болса, онда дененің мөлшерін елемейді және денені материялық нүкте түрінде ұсынады. “Материялық” сөзімен оның геометриялық нүктеден ерекшелігін айрықша атап көрсетеді. Геометриялық нүктенің ешқандай физикалық қасиеттері болмайды. Материялық нүкте массаға, электрлік зарядқа және кейбір басқа да сипаттамаларға ие бола алады.

Қазіргі заманғы механикада (денелердің қозғалыс теориясы) материялық нүктелерді басқаша бөлшектер деп атайды. Біз келешекте осы екі терминді де пайдаланатын боламыз. Кейде бөлшектердің механикалық қозғалысы туралы айта отырып, біз “дене” терминін пайдаланамыз, бірақ сол кезде мұндай бұл денені материялық нүкте ретінде қабылдауға болатынын естен шығаруға болмайды. 

Бір орыннан екінші жерге орын ауыстыра отырып, бөлшек (немесе материялық нүкте) әлде бір сызық бойынша қозғалады. Бөлшек қозғалатын сызықты траектория деп атайды.

Траектория әр түрлі формаға ие бола алады. Траекторияның формасы туралы кейде қозғалыстағы дененің қалдыратын көрінерлік ізі бойынша төрелік айтуға болады. Мұндай іздерді кейде ұшып бара жатқан ұшақтар немесе түнгі аспанда құлап түскен метеорлар қалдырады (8-сурет).  

Траекторияның формасы санақ денесін таңдауға тәуелді болады. Мысалы, Жерге қатысты Ай қозғалысының траекториясы шеңбер болып, ал Күнге қатысты – сызықтың формасы тым күрделі болып келеді (9-сурет).

Бұдан кейін біз барлық денелердің қозғалысын (егерде кері жағдай айтылмаса) Жерге қатысты қарастыратын боламыз. 

Әр түрлі денелердің қозғалыс траекториясы бір бірінен тек формасымен ғана емес, ұзындығымен де ерекшелене алатын болады.

Дене қозғалған траекторияның ұзындығы жүрілген жол деп аталады.

10-суретте штрихталған сызықпен трамплиннен секірген шаңғышының траекториясы көрсетілген. Траекторияның ұзындығы ОА таудан түскен уақыттағы шаңғышының жүрген жолы. Жолды өлшеген кезде жолдың бірлігі пайдаланылады. Жолдың бірлігі ұзындықтың бірлігі — метр (1 м) болып саналады. Практикада ұзындықтың басқа бірліктері де пайдаланылады, мысалы: 1 км = 1000 м, 1 дм = 0,1 м, 1 см = 0,01 м, 1 мм = 0,001 м.

ІV.  Жаңа сабақ бойынша түсінігін  тексеру.

1. Жол деген не?

2. Материялық нүкте. Мысал келтір.

3. Троектория деген не?

V.  Жаңа сабақты бекіту.

А) Электрондық оқулықты көру арқылы сұрақтар қойылып, оқушылар жауап береді.

Сұрақтар:

1. Материялық нүкте?

2. Кеңістік.

3. Уақыт.

4. Жол


5. Орын ауыстыру

6. Мысалдар  келтіру.

VI. Үй тапсырмасын тексеру.

тапсырманы тексеру. 

VII. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

6-жаттығуды әр оқушы жекелей оқып сұрақтарына жауап беру.

1. Жүрілген жолдың орын аыустырудан айырмашылығы неде?

2. Дененің бастапқы орны мен оның жүріп өткен жолының ұзындығы белгілі болса, дененің соңғы орнын табуға бола ма?

3. Троектория деген не?

Демонстрациялық тәжірибе жасау. Маятникті тербелту арқылы, арбашаны жүргізу арқылы, жол, орын ауытыру, троектория туралы тәжірибе жүзінде көру.

VIІI. Үйге тапсырма. 10 тапсырма. Өзін -өзі тексеру сұрақтары.

Сабақтың тақырыбы: Материялық нүкте. Қозғалыс  траекториясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,сабақта алған білімдерін
пайдалана білуге үйрету,білімдерін байқау-бақылау;

Дамытушылық: Жаңа сабақтың ұғымын енгізу,білі дағдыларын дамыту, ізденіске
ұмтылдыру;

Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жаңа білімді меңгеру.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. «Кім көп біледі?» бөлімі.

ІІІ. «Сәйкесін тап» бөлімі.

ІҮ.  «Шапшаңдық» бөлімі.

Ү.  «Білім шыңына өрлейік»  жаңа сабақты түсіндіру.

ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» жаңа сабақты пысықтау.

ҮІІ.  «Физикалық  тілде» бөлімі.



ІІ. «Кім көп біледі?»

  1. Табиғат  құбылыстары  деп нені айтамыз?

  2. «Физика»  атауы нені білдіреді және оны ғылыми негіздеген ғалымдарды атаңдар.

  3. Физиканың негізгі мақсаты неде?

  4. Қандай физикалық ұғымдарды білесіңдер?

  5. Астрономия нені зерттейді?

  6. Табиғатты зерттеудің кең тараған ғылыми әдістері қандай?

  7. Зат құрылысының  МКТ-ның  Ломоносов  тұжырымдаған  қағидалары қандай?

  8. Физикалық шамалар дегеніміз не?

  9. Диффузия деген не?

  10. Заттар қандай күйде бола алады және өздеріне тән қасиеттері қандай?

  11. Механикалық  қозғалыс деп нені айтамыз?

  12. «Планета» деген  сөз нені  білдіреді?

  13. Қандай  планеталарды білеміз?

  14. Птолемейше  Әлем жүйесінің құрылысы  қандай еді? Ол қандай жүйе деп  аталды?

  15. Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады??

ІІІ. «Сәйкесін тап» бөлімі.

Физикалық дене

Автомобиль қозғалысы, мұздың еруі, доптың ұшуы

Физикалық зат

Киімге сепкен әтір иісінің ауаға жайылуы

Физикалық құбылыс

Геоцентрлік жүйе

Диффузия

Құстың ұшуы, доптың домалауы, арбаның қозғалуы

Механикалық қозғалыс

Гелиоцентрлік жүйе

Птолемей құрған жүйе

Мыс, фарфор, су, темір

Коперник құрған жүйе

Ұшақ, кітап, қалам,қасық,өшіргіш

 

ІҮ.  «Шапшаңдық» бөлімі.

0,8 м =  80  см                                       40 см  = 0,4  м

2,9 дм  = 0,29  м                                   0,25 м    = 2,5 дм

380 м  =   0,38 км                                  0,35км   =  250  м

 

Ү.  «Білім шыңына өрлейік» бөлімі.

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.

Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады. Поезд жүретін темір жол –поездың, тас жол –автомобильдердің, ұшақтың артында қалған тұманды із-ұшақтың, соқпақ жол- жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді. Қозғалыс траекториясының пішіні әр түрлі  санақ денесіне қатысты түрліше болады. Қозғалысты түзусызықты немесе  қисықсызықты деп бөледі. Мысалы:  шеңбер бойымен, парабола бойымен қозғ.



ҮІ. «Білгенімді зердеме тоқу» бөлімі.

1/ Төмендегі жағдайлардың қайсысында денені материялық нүкте деп есептеуге болады:

а) ұшақ Астанадан Мәскеуге сапар шекті.

б) конькиші жарыс мәресінен өтті. Мәнерлеп коньки тебуші еркін жаттығу орындауда.

в) ғарыш кемесінің қозғалысын Жердегі басқару орталығынан бақылайды. Екі ғарыш кемесі түйісу сәтінде.



2/ Мына денелер: метро эскалаторында тұрған адам; төмпешіктен секірген шаңғышы; тігін машинасының инесі- Жермен салыстырғанда  түзу  сызықпен қозғала ма, әлде  қисық сызықпен  қозғала ма?

Жаңа сабақты пысықтау.

  1. 1.      Бүкіл материалық дүниеге тән  қасиет…

а) қозғалыс        б) санақ  денесі          в)  тыныштық           г)  салыстырмалы

2. Санақ  жүйесі дегеніміз:

а/  санақ  денесі       б/   координат   жүйесі        в/   уақыт өлшейтін  жүйе        г/   санақ  денесімен  байланысқан  координата  жүйесі мен сағат



3.Қозғалыс  траекториясы  деген не?

а/  жеке  молекуланың  қозғалысы              б/  жылдамдыққа қарсы  қозғалыс            в/  қозғалыс   бағытын  анықтамайтын          г/  бір  нүктеден екінші  нүктеге   дененің орын   ауыстырғандағы  сызығы.



4.Дүниенің  гелиоцентрлік  жүйесін жасаған ғалым  кім?

а/ Аристотель        б/ Гиппарх           в/  Птолемей            г/ Коперник



5.Жердің  Күнді айнала қозғалуын қарастырғанда қай кезде Жерді материялық нүкте деп есептеуге  болады?

а/ Жыл мезгілінің өзгеру  уақытын қарастырғанда            б/ Жыл мезгілінің  ұзақтығы  тәулікпен өлшегенде                    в/ Жер мен  Күннің ара қашықтығы метрмен  анықталғанда   г/  Жыл  мерзімінің ұзақтығын  секундпен  анықтағанда



6.Көзбен  көруге  болатын  планета:

а/  Юпитер                  б/   Уран                   в/  Нептун                г/  Плутон



7. Юпитер- қазақша  аты.

а/  Қоңырақай        б/  Есекқырған          в/   Аңырақай            г/  Болпан



8. Астрономиялық  бақылау  үшін  қолданылатын аспап.

а/ термометр           б/  таразы            в/  секундомер            г/  телескоп



9.Коперниктің «Аспан сфераларының айналуы» туралы деп  аталатын еңбегі қай жылы жарық көрді?

а/  1543             б/  1503            в/  1563            г/  1643



10. Әлем  кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп  аталады?

а/  материя         б/  физикалық  дене           в/  зат              г/   материялық  нүкте

1-а                 4-г               7-б          10-а

2-г                 5-в               8-г



3-г                 6-а               9-а

ҮІІ. «Физикалық  тілде»  бөлімі.

  1. Әр заттың …… – сол  заттың  ерекшелігін сипаттайтын  ең ұсақ  бөлшегі. / молекуласы/

  2. Молекулалар мен  атомдардың  ретсіз  қозғалыстары  салдарынан  жанасып  тұрған заттардың бөлшектерінің бір-біріне өтіп  таралуын ….  деп  атайды. /диффузия/

  3. Дененің  немесе  заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық   шама  …… деп   аталады. /температура/

  4. Дене молекулаларының қозғалыс…. неғұрлым үлкен  болса,  оның….  да  соғұрлым  жоғары  болады.    /жылдамдығы,  температурасы/

  5. Пішіні мен  көлемін  сақтау-  …. денеге тән  қасиет.   / қатты/

  6. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін  елемеуге  болатын  денені ……   деп  атаймыз.  /  материялық  нүкте/

  7. Дүниенің  центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл  жүйе…. деп  аталды. /гелиоцентрлік жүйе/

Бағалау.

Үйге  тапсырма:  §22

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет