Психологиялық ахуал. «Өзіңе тілегенді басқаларға тіле» әдісі.
Оқушылар өзіне бір жақсы тілек тілеп, қасындағы оқушыларға да бір тілек айтуы керек.
Топқа бөлу: Кім көп біледі?Шешендік сөздер туралы мақал –мәтелдердің жалғасын табу арқылы бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру: Б.Қапалбек, Г.Закиряева, С.Жантасова. Қазақ тілі.-Алматы: Мектеп, 2019. Үй жұмыстарын тексеремін.
|
«Шаттық шеңбері»
«Сұрақ-жауап»әдісі
|
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. «Болжау әдісі»
Берілген сөздерді байланыстыра отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.Әр оқушының айтқан ой-болжамынан ортақ идеяны тауып, мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен байланыстырады.
Мәтінмен жұмыс. 194-бет. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтайды. «Бабалар сөзі» - ұлттық бренд
«Бабалар сөзі» жүз томдық топтамасы - ұлттық бренд. Бұл дүниежүзілік мәдениетте теңдессіз оқиға болды. Ауыз әдебиетінің мұраларын жинап, жариялауға атсалысқан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлібек ағамызбен сұхбат.
– Қазақ фольклорына зерттеушілер назары қай ғасырда түсе бастады?
Қазақ фольклорының жинала бастағанына шамамен екі ғасыр уақыт болды. Фольклор жинау мәселесі бірнеше топқа бөлінеді. Алғашқы топ – әскери барлау мақсаттағы зерттеушілер. Арнайы экспедициялар қазақ жерінің табиғатын, пайдалы қазбаларын, этнография мен тарихын қамтып, кешенді зерттеу жүргізген. Екінші бір тобы В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев сияқты жинаушылар фольклорды ғылыми құндылық ретінде қарастырды. Үшінші топ Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, М.Көпеев секілді ұлт азаматтарының есімімен жалғасады.
- Осы байлықтың жарыққа шығу тарихына тоқталсаңыз...
- XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтың зиялы қауым өкілдерінің жиғандары Қазан төңкерісіне дейін 700-ден астам кітап болып басылып шықты. Бұл кітаптар қатал цензура талқысынан өтті.
-Фольклорлық мұраның кеңес дәуірінде жариялану жайы қалай болды?
Халық әдебиетінің ғылыми тұрғыда баспа бетін көруі 40-жылдардан басталады. Алдымен, халық ақындары - Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Шашубайлардың шығармалары жарық көре бастады. Бұл үрдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біраз іркіліс тапты да, 50-жылдардың басында қайта қолға алынды. 60-жылдары халық мұраларының жарыққа шығу деңгейі көтерілді. Айтыстың 3 томдығы шықты, батырлар жырының шағын кітапшалары үлкен сұранысқа ие болды.
- Фольклорды көптомдық етіп шығару идеясы қай кезде пайда болды?
- 80-жылдардың басында «Көптомдық халық әдебиеті» атты ғылыми басылымдар жарық көре бастады. Шамамен 18 том. Осы кезде қолжазба мураларды жинау, сақтау, жүйелеу, жариялау, зерттеу мәселелері көтеріліп, 90-жылдардың басында институтта «Қолжазба және текстология» орталығы ашылды. 100 томдық ғылыми басылым жоспарланып, оны шығару ісі қолға алынды.
– Жобаның өзіндік ерекшеліктері туралы айта кетсеңіз.
Бұл күрделі еңбек 2013 жылы, мерзімінен бір жыл бұрын толық аяқталды. «Бабалар сөзі» жүзтомдық сериясы әлемде теңдесі жоқ бірегей жоба еді. Бізден бұрын әлем халықтары фольклорында мұндай ауқымда жарыққа шыққан ғылыми басылымдардың тәжірибесі болған емес. Жүзтомдықтың жалпы көлемі – 2600 баспа табақ.
-«Бабалар сөзі» қанша тиражбен шықты және қайдан алуға болады?
— Тираж өте аз. Бар-жоғы 2 мың дана. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда 4 мыңнан астам кітапхана бар, солардың өзіне бір-бірден жетпей тұр. 7 жылға созылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұшан-теңіз мәлімет жиналды. Шетел мұрағаттарынан қаншама дүниелер әкелінді. Алғашқы томдар осыдан 10 жыл бұрын басылып шықты, олар қазір сатылымда жоқ.
- Қайта басылым деген болуы керек қой...
«Бабалар сөзін» 20-30 мың тиражбен қайта басса болар еді. Сонымен қатар осы кітаптардың аудионұсқасы шығарылуы керек. Бұл қазіргі жаһандану заманында өте тиімді. Электронды кітап нұсқасы – қазіргі заман талабы.
Сұхбаттасқан – Нұрлан Әбдібек
|
Достарыңызбен бөлісу: |