Р/с
|
1.Сабақтың тақырыбы
|
Оқытудың негізгі мақсаттары
|
3. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
4. Оқу нәтижелері
|
5. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау
|
6. Модульдер
|
7. Негізгі дереккөздер
|
1
|
Растрлық графиканы өңдеу редакторы
|
Растрлық графиканы өңдеу редакторы туралы мәлімет алады;
Растрлық графика редакторымен жұмыс істеуге және
практикалық жұмыс арқылы растрлық графика редакторымен жұмыс істеуді үйренеді.
|
1.«Сәлемдесу» ойыны арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
2.«Мозайка» әдісі
арқылы топқа бөлінеді
3. «Кім жылдам?»
Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру
4. «Сақина салмақ» тәсілін қолданып, постер құрғызу
5. «Ойлан, жұптас, бөліс» тәсілі арқылы
жаңа тақырыпты талқылау
6. «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдаланып,
тақырыпқа байланысты сурет бойынша ойларын ортаға салу
7.Кері байланыс
ББҮ кестесін толтыру арқылы сабақты бекіту
|
Растрлық графика туралы түсінік алады, растрлық графиканы векторлық графикадан ажырата алады және АКТ-ны пайдалана отырып практика жүзінде қолдана алады
|
Өзін-өзі бағалау.
«Бағдаршам» арқылы бағалау
Бірін-бірі бағалау
|
“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
7-сынып оқулығы,
Интернет ресурстары
Флипчарт, маркерлер, ноутбук
|
2
|
Растрлық кескіндермен жұмыс
|
Растрлық кескіндер туралы ақпарат береді;
Растрлық кескіндермен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.
|
1. «Күннің көзі кімге түсіп тұр?» тренингі арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.
2. Кескіндер арқылы топқа бөлу.
3. Paint графикалық редакторының жасырын сөздерін табу арқылы үй тапсырмасын сұрау
4.Оқулықпен жұмыс жүргізу арқылы жаңа тақырыпты ашып, постерге түсіру
5. Деңгейлік шығармашылық жұмыс арқылы компьютерде практика жүзінде орындау
6. Бос орындарға сөздерді қою арқылы сабақты бекіту
7.Кері байланыс
ББҮ кестесін толтыру
|
Растрлық кескіндер туралы мәлімет алады, растрлық кескіндерді практика кезінде көрсете алады
|
Бағалау парақшасын толтырады.
Өзін-өзі бағалау
|
“АКТ”,
“Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”,
“Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”
|
7-сынып оқулығы, интернет ресурстары,
ноутбук,
постер,
маркерлер,
карточкалар
|
3
|
Аймақты ерекшелеу
|
Программа құрылымымен, суреттегі аймақтарды ерекшелеу арқылы жұмыс жасауға үйренеді,жұппен, топпен жұмыс жасауға дағдыланады
|
1. Үйлер мен тұрғындар ойыны арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, үйлер мен тұрғындар арқылы екі топқа бөлу
2. «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
3. «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша тапсырмалар орындайды
4. «Автобустық аялдама» әдісі бойынша
жаңа тақырыпты ашу үшін жеке, жұппен жұмыс жасау арқылы сұрақ жазылған парақты келесі топқа жібереді, келесі топ сол сұраққа жауап жазады
5. «Суретпен әңгіме» тәсілі арқылы тақырыпқа қатысты суреттен әңгіме құрастыру
5.Кері байланыс
ББҮ кестесін толтыру
|
Программа құрылымымен, суреттегі аймақтарды ерекшелеу арқылы жұмыс жасай алады
|
Өзін-өзі топпен бағалайды
Оқушылар алдарына берілген бағалау парағын толтырады. Тақтаға шығып топқа баға береді.
|
“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
|
7-сынып оқулығы, интернет ресурстары
Флипчарт, маркерлер, тақта
|
4
|
Сурет салу құралдары
|
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйренеді. Қылқаламмен сурет салу дағдысын қалыптастырады.Бүріккүш, өшіргіш құралын қолдану дағдысын қалыптастырады
|
1. «Атомдар мен молекулалар» ойыны арқылы ынтымақтастық атмосферасын құрып, екі топқа бөлу
2. «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру
3. «Жигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу үшін оқулықтан көлемді мәтінді оқып, постер құру
4. «Инсерт» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін айтады
5.Кері байланыс
ББҮ кестесін толтыру
|
Графикалық редактормен және сурет салу құралдарымен жұмыс істей алады
|
Өзін-өзі бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Смайлик арқылы бағалау
|
“АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,
|
7-сынып оқулығы, интернет ресурстары
Флипчарт, маркерлер, стикерлер
|