Сабақ жоспары
Күні:
Пәні: Химия
Пән мұғалімі: Гулсара Жакашовна Аканова
Сынып: 10
Тақырыбы: Жай жəне күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор типіне тəуелділігі
Мақсаты: Кристалдық тор мен химиялық байланыс туралы алған білімдерін пысықтай отырып, заттың қасиетіне тәуелділігін түсіндіру, терминологиялық сөздікпен жұмыс жасау, кристалдық тор түрлерінің модельдерін құрастыру, тәжірибелік жұмысты топта талқылау
Күтілетін нәтиже:
Кристалдық тор түрлері бойынша 8-сыныпта алған білімдерін еске түсіреді, пысықтайды;
Тақырыпта өткен терминдерді үш тілде оқып, үйренеді;
Заттар қасиеттерінің химиялық байланыс пен кристалдық тор түрлеріне тәуелділігін дәлелдейді;
Кристалдық тор түрлерінің шарөзекті моделдерін жасайды, топта талқылайды;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Диалогтік оқыту, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар беру,
Блум таксономиясы
Сабақта қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (ЖТ), Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ ), сыни тұрғыдан ойлау (СТО), талантты және дарынды балаларды оқыту (Т&ДБО), жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Кезең
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурс
|
Сабақ барысы
|
Амандасу, көңіл-күйлерін сұрау, Сыныптағы психологиялық ахуалды көтеру үшін оқушыларға қолпаштау сөз айтудан бастау, топқа бөлу
|
Топқа бөлінеді (4 топ)
|
Жұмыс дәптері
Оқулық
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Өткен тақырыпты пысықтауға арналған жабық сұрақтар қояды.
|
Сұрақтарға жауап береді, жаттығу жұмыстары мен есептерді топта талқылайды
|
Жаңа сабақ
Білу
|
Жаңа сабақ бойынша жалпылама түсінік беріп кетеді. Тақырып бойынша слайдпен ақпарат береді.
Проблемалық сұрақ қояды.
Проблемалық сұрақ:
Заттардың қасиеттерін біле отырып, олардағы химиялық байланыс пен кристалдық тор типін болжауға бола ма? Және керісінше?
Химиялық байланыс пен кристалдық тор туралы алған білімдердің күнделікті өмірде қандай маңызы бар?
|
Жұмыс дәптерлеріне тақырып бойынша тірексөздерді пайдаланып, негізгі заңдылықтар мен терминдерді жазады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
АКТ пайдалану (интеракт.тақта, през.
Слайд 1-9
|
Достарыңызбен бөлісу: |