Сабақ жоспары Күні: Сыныбы: 6 Пәні: Әдебиет Сабақтың тақырыбы



бет1/4
Дата17.04.2017
өлшемі433,06 Kb.
#14070
түріСабақ
  1   2   3   4
Бабаджанова Ақжарқын Усербайқызы

163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет



пәнінің мұғалімі. Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы.

87029023775. 872435-21564

Сабақ жоспары

Күні:

Сыныбы: 6

Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесінде Қожа бейнесі

Сілтеме

Жоспар



Жалпы мақсаты

Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған шығармасы туралы білім беру
Хикаят бойынша оқушылардың, ойын тиянақтау, Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.


Күтілетін нәтижелер

  • Повесть бойынша оқушылардың білімі тиянақталады, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйренеді;

  • Өзіндік ой қорыта біледі, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті жетіледі, ой-өрісі мен дүниетанымы кеңейеді, сабаққа қызығушылығы оянады

  • Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыланады, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі етеді.





Жалпы идея

«...Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап түйгендерімді өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес , өзіме ұқсайды»

Бердібек Соқпақбаев

Ресурстар

Электрондық оқулық , ақын портреті,

постер, маркер, фильм кейіпкерлерінің суреттері




Тапсырмалар

Топпен жұмыс: «Ішкі ой», «Қожаның сұрақтары» әдісі, «Сен, танисың ба?»ойыны

Жеке жұмыс: «Бетпе-бет студиясы» , «Оған лайық па?», деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары




  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сергіту сәті

ә) Топқа бөлу (Жасырылған жемістер арқылы бөлу)



II . Үй тапсырмасын пысықтау.

«Бетпе-бет студиясы» әдісі

Б. Соқпоқбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау.



III. Топпен жұмыс. «Ішкі ой» әдісі

(«Менің атым...» тақырыбында әр оқушы өз ойын жеткізеді)



  • Сендерге қандай есімдер ұнайды?

  • Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

  • Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?

  • «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген). «Шілдехана». Бұл қандай дәстүр?

IV. Жаңа сабақты меңгерту. Жеке жұмыс

«Менің атым –Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.



«Оған лайық па?» әдісі

Бұл әдісте, оқушылардың қолына берілген алғыр, пысық, ақылды, ақкөңіл, тиянақсыз, жағымпаз, өтірікші, шыдамсыз, есті, әділетті, тентек деген сөздерді тақтада ілулі тұрған плакатқа іледі. Әр оқушы өзінің ілген сөзін міндетті түрде қорғайды. Сөйтіп, әр оқушы Қожа бейнесін өздері ашады.



«Мінездеме тақтасы»



V. Сергіту сәті. Ойын.(Әр топтан шыққан оқушы жасырынған суретті көріп, рольді сомдаған кейіпкерлерді табуы қажет)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет