ІІІ ТОП
Оқушыларға тренинг жүргізеді.
VІ Топпен ән айту.
|
5 мин
|
АЙНАЛАЙЫН
Сөзі: М.Шахановтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі
Өзің едің тірегім де,
Жыр боп тұндың жүрегімде...
Сені мендей түсінетін,
Кім бар екен бұл әлемде?
Қайырмасы:
Жарқын құшақ жайған айым,
Ниетіңе сай болайын.
Мені сүйген жүрегіңнің,
Лүпілінен айналайын.
Әнің әнге жалғассын деп,
Келеді арман алға сүйреп.
Менің кемем өрге жүзсе,
Сен қуандың алғаш рет.
Қайырмасы:
Жарқын құшақ жайған айым,
Ниетіңе сай болайын.
Мені сүйген жүрегіңнің,
Лүпілінен айналайын.
Саған мәңгі борыштармын,
Көңіліме қоныстандың.
Азаматтық ажарыңа,
Мақтау айтсам намыстандың.
Қайырмасы:
Жарқын құшақ жайған айым,
Ниетіңе сай болайын.
Мені сүйген жүрегіңнің,
Лүпілінен айналайын.
|
Топпен ән айтады
|
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар" тақырыбындағы презентация
Интерактивті тақта
Видеороликтер
Музыка
|
V II.Білімді бақылау, бағалау
|
5 мин
|
БАҒАЛАУ: ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ
Оқушы аты-жөні _______________________
|
Алынған ұпайлар
|
Мен өзім
|
Ұстаз
|
Топтағы барлық өз міндеттерімді уақытында және сапалы орындадым
|
|
|
Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым
|
|
|
Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім және ынталандырдым.
|
|
|
Басқаларды мұқият тыңдадым
|
|
|
Дәлелді ойлар ұсындым
|
|
|
Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)
|
|
|
Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым және түсініктеме бердім
|
|
|
Қорытынды:
|
|
|
ТОПТЫҚ БАҒАЛАУ
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК» ӘДІСІ.
Барысы: Әрбір келесі бір топқа жасалған топтық жұмыстары бойынша екі ұнаған сәтін және бір ұсыныстарын білдіреді
«ТАЗАЛЫҚ» ОЙЫНЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС
Оқушыларға стикерлер таратылады. :
1. Чемодан(суреті)
2. қоқыс жәшігі (суреті)
3. еттартқыш (Суреті)
- Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар),
Бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
|
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Оқушылар топта өз жұмыстарын өз беттерімен өзін-өзі бағалайды
Топтар бірін бірі бағалайды
Оқушылар тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға стикермен жазады Бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне стикерге жазып салады. Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері еттартқышқа салады стикерге жазады.
|
" Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар" тақырыбындағы презентация
Интерактивті тақта
Видеороликтер
Стикерлер
Интерактивті тақта
А4 парағы
Пломастерлер,
Өзін-өзі бағалау парағы
|
VIII. Соңғы тыныштық сәтi
|
2 мин
|
Соңғы тыныштық сәті.
Әдемі баяу ән.
-Тік отырып, денемізді босатып, терең тыныс алып, көзімізді жұмайық. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет, сыныпқа оралыңыздар. Көздеріңді ашуға болады.
|
Соңғы тыныштық сәтін орындайды.
|
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар" тақырыбындағы презентация
Интерактивті тақта
Баяу ән
|
IX. Үй тапсырмасын беру
Практикалық тапсырма
Шығармашылық тапсырма
|
1 мин
|
Практикалық тапсырма. Ақиқат, дұрыс іс- әрекет, сүйіспеншілік, қиянат жасамау құндылықтары ұғымының мәнін ашатын дәйек сөздерге ой толғау жазу
Шығармашылық тапсырма"Звездочки на земле " кинофильмін көріп, кинофильмнен алған әсерлерін туралы эссе жазу
|
Үйге берілген тапсырмаларды жазып алады;
|
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар" тақырыбындағы презентация
Интерактивті тақта
|