Бастауыш сынып мұғалімі Бекітемін:___________________
Дусембаева Убираның № 12 орта мектебінің оқу ісінің
қысқа мерзімді сабақ жоспары меңгерушісі: Бегленбетова Б.
02.12.15
|
Қазақ тілі
|
4«Д» сыныбы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Сөз және оның мағынасы
|
Жалпы мақсаты:
| 1) Сөз және оның мағынасы тақырыбын пысықтау, сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;
2) Балалардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.
3) Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілік пен ұжымдық қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже:
|
1.Өз пікірін айта білуге дағдыланады.
2. Топта көшбасшылық жасауға үйренеді.
3. Өзін және өзгелерді бағалауға дағдыланады.
|
Сілтеме:
|
1. Қазақ тілі пәнінен оқыту әдістемесі 4-сынып.
2. 4-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы.
Г.И.Уайсова, Ә.Е.Жұмабаева.
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші деңгей)
4. «СТО білім үдерісінде» әдістемелік құралы.
5. «Сөздік»
|
Негізгі идеялар:
|
Шығармашылық қиялын, ой – өрісін, сабаққа қызығушылығын дамыту, өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Оқулық, слайд, интерактивті тақта, аудиожазба, А3 қағаз, стикер, маркер, әр түрлі суреттер, дидактикалық ойындар.
|
Оқыту әдістері:
|
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(жеке, жұптық, топтық жұмыс)
2.АКТ (слайд, аудиожазба)
3.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету(«Бес жолды өлең», «Топтастыру»)
4.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
5. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Тапсырмалар:
|
«Кім шапшаң?» ойыны,«Ребус», «Ойлан, тап» ойыны, тест
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
І. Қызығушылықты ояту (7 мин)
Ұйымдастыру бөлімі
(1 мин)
Топқа бөліну (2 мин)
Тапсырмалар (4 мин)
|
Психологиялық дайындық.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау.
1, 2, 3 деп санау арқылы топтарға бөлінеді. «Бағалау парақшасымен» таныстыру.
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып сөз құрау.
Ж ... з, қ ... с, т ... с
Қорытынды жасау: сөздегі дыбыс өзгерссе, сөздің мағынасы да өзгереді.
2-тапсырма
Сөздерді топтау: дәптер, жеті, қызыл, сағат, жүгірді, тәтті, бес, оқыды.
Қорытынды: Сөз заттың атауын, қимылың, сапасын, санын білдіреді.
|
Оқушылар өлең жолдарын бірге айтып, көңіл-күйлерін «Басбармақ» әдісімен көрсетеді.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Әр топтан жеке жауап береді, түсініктеме береді, жауаптарын
салыстырады.
Жаз, жүз
Қыс, қас, құс.
Тас, түс, төс.
Заттың аты, саны, сыны, қимылы деген топтарға
топтау.
|
ІІ. Мағынаны тану
(16 мин)
Тапсырма
(7 мин)
Сергіту сәті (2 мин)
Оқулықпен жұмыс
(7 мин)
|
Білгішбектің хаты: Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.
Үш топтың атауларын атау синоним, антоним, омоним.
Бұл сөздер сіздерге таныс па?
Топтық тапсырмалар:
1-топ (синоним): Суреттегі қызды сипаттау.
2-топ(антоним): Есікті ашып, жабу.
3-топ (омоним): Араның суреттері(қол арасы, жәндіктің)
Қорытынды жасау: мағыналары жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.
Топтық жұмыс. Әр топ өз атына сәйкес мысалдар келтіреді.
«Кім шапшаң» ойыны. Бұл ойында оқушыларға мақал оқимын, оқушылар ішінен қарама-қарсы сөздерді тауып оқиды.
Әр топтан бір оқушы тақтада тапсырмаларды орындайды.
3-ж. Қарамен жазылған сөздерге түсініктеме беру.
Бөлменің терезесі ашық. Айшаның мінезі ашық.
4-ж. Сөздерді топтап жазу.
Синоним Антоним
Қашық, шалғай, алыс. түзу – қисық,
Әдемі, сұлу, көркем. жуан – жіңішке,
Биік, асқар, зәулім. кеш-ерте
ірі-ұсақ
5-ж. Ребусты шешу, мақалдың мағынасын ашу.
Кітап – білім бұлағы. Бұлақтың суы мол, мөлдір екен.
|
Білгішбектің хатын оқиды.
Түсіндіреді.
- Әдемі, сұлу, көрікті(мәндес сөздер)
- Ашу-жабу (қарама-қарсы мағыналы)
- Көп мағыналы.
Оқушылар жазғандарын оқып қорғап, дәлелдейді.
Антонимдерді атайды.
Берілген тапсырманы топ болып орындайды, талқылайды.
Топтық жұмыс жүреді.
Жаттығуларды дәптерге орындайды, тексереді.
Мақалдың мағынасын ашады, түсініктеме береді.
|
ІІІ. Ой-толғаныс
(7 мин)
Тапсырма
(4 мин)
Бағалау (2 мин)
Рефлексия
(1 мин)
|
«Топтастыру» (Сөздердің шығу тарихы туралы айту)
синоним антоним омоним
Тест тапсырмаларын орындау.
Бәрекелді балалар, Азамат боп өсіңдер,
Бәріңе жақсы баға бар. Ел қадірін біліңдер.
Жауап парақшасына өзін-өзі бағалау.
Бағалау критерийі:14-15–«5»,11-13–«4», 8-10 –«3».
«Плюс, минус, қызықты» кері байланыс. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс сұрақтарын береді.
|
Өзіндік жұмыстанады, топта талқылап үздік жұмысты сыныпқа ұсынады.
Оқушылар өздерін бағалайды.
Жиынтық бағалау.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын оқушылар берілген сұраққа жауап беріп айтады.
|
Үй тапсырмасын беру
|
Ереже, 6-ж. 85-бет
|
Үй тапсырмасын орындайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |