7 минут
|
Тәжірибе
Мағынаны тану
|
1-тапсырма
Бейнежазбаны мұқият тыңдап, «Өмірдегі басты құндылықтар» тақырыбына топтастыру жаса. Тағы не қосар едің?
Дескриптор:
-Бейнежазбаны мұқият тыңдайды;
- Өмірдегі басты құндылықтарды анықтайды;
Ы қтимал жауап
Анықтама бұрышы
Жинақы мәтін дегеніміз - оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалып (сығымдалып) берілуі.
Ықшамдау барысында мәтіннің негізгі мағыналық-құрылымдық бірлігі сақтала отырып, оқырман үшін басы артық элементтер алынып тасталады.
Тезис
Аннотация
Презентация
Конспект
Кесте
Схема
Тезистік жоспар
Ықшамдалған мәтін
Жинақы мәтін формалары:
Үлгі:
Түпнұсқа мәтін
|
Жинақы мәтін
|
Ұлттық тағамдардың пайдасы
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген.
|
Қазақ халқы асты жоғары бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және оны дайындау жолдарын білген.
|
2-тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, жинақы мәтін жаз.
Ұят – ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін ұлы құндылық. Ұят – жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау – масқара болушылық. Қазақта «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса, арыңды сақта: ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген мақалдар қазіргі уақытта жиі қолданылады. Бала тәрбиесінде де, отбасында да осындай тілдік құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды дұрыс сақтауға тырысып келеміз.
Ұят туралы ұлыларымыз да айтып кеткен. Хакім Абай атамыз отыз алтыншы қарасөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деген. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар» деп дәйектеп көрсеткен болатын. Махмұд Қашқари «Ұяты бармен – ұрысыс, ұятсызбен – ұстаспа» десе, Жүсіп Баласағұн «Бар бәледен ұят сақтайды. Барлық жақсы істің байламы да ұятта», «Ұят – жаман ойдың жүгені», «Пәле-жала жолын ұят кеседі. Ұятсыздық – ердің емсіз кеселі» деп даналық айтқан еді. Саиф Сараи «Ұятсыз адам иттен де жаман» деп теңеген болатын. Әлішер Науаи «Опасызда ұят жоқ, ұятсызда опа жоқ» деген еді.
Шынында, ұяты мол адам жамандыққа бармайды. Себебі оның бойына ізгілік қасиет ұялаған. Ата-бабамыз жас ұрпақты әдепсіз қылықтардан аулақ болу үшін «ұят болады» деген ырым-тыйымдармен тәрбиелеп отырғаны да белгілі. Қазақы дәстүріміздегі әрбір салт-жоралғы, тыйымдардың дұрыс орындалуының өзі – ұят пен адалдықтың өлшемі. (Айгүл Әмірбаева)
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды;
Мәтін мазмұнына сүйене отырып, жинақы мәтін жазады;
Ықтиамал жауап:
Ұят – ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін ұлы құндылық. Қазақта ұят туралы көптеген мақалдар қазіргі уақытта жиі қолданылады.
Ұят туралы Хакім Абай атамыз, халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Саиф Сараи сынды ұлыларымыз да ұят деген сөзді жоғары бағалап, даналық сөздерін айтып кеткен.
Ұяты мол адам жамандыққа бармайды. Себебі оның бойына ізгілік қасиет ұялаған. Ата-бабамыз жас ұрпақты әдепсіз қылықтардан аулақ болу үшін «ұят болады» деген ырым-тыйымдармен тәрбиелеген. Қазақы дәстүріміздегі әрбір салт-жоралғы, тыйымдардың дұрыс орындалуының өзі – ұят пен адалдықтың өлшемі.
Тілдік дағды
Интонацияның ең басты компоненті әуен (мелодика) деп аталады. Әуеннің сөйлемдегі атқаратын қызметі әр алуан. Сөйлемнің жалпы мағынасын беру, сөйлемнің логикалық мазмұнын жеткізу үшін маңызды.
Интонацияның компоненті – дауыс диапазоны негізгі әуеннің жиілігімен қатар жүреді. Әуеннің кеңдігі мен тар деңгейін анықтайды. Дауыстың кең шығуының адамға әсері ерекше. Көбінесе эмоциямен тығыз байланысты. Ұранмен айтылған сөздердің, лепті сөйлемдердің дауыс диапазоны көлемді болады. Дауыс диапазоны кең, тар, орташа деген үш түрлі деңгейде болып келеді.
Ұзақтылық – интонацияның уақыттық өлшемі. Сөйлемнің айтылу ұзақтылығы қарқынмен тығыз байланысты.
Есіңе сақта!
Қарқын сөйлеу ағымын дыбыстап айту нәтижесінде түрленеді. Айталық, бір сөйлемді орташа, баяу, өте жылдам қарқынмен айтуға да болады. Әрқайсысының тыңдаушыға әсері әртүрлі. Сөзді айтқанда орташа дыбыстау - қарапайым әрі кең таралған әдіс.
3-тапсырма.
«Тілдік бағдар» айдарындағы ережелердің өзіне тән ерекшелігін, қасиетін, қызметін, маңызын талда.
Семантикалық карта
|
Тілдік бағдар
|
Сұрақтар
|
Жауаптар, мысалдар
|
Интонация
|
Қанадай компоненттер бар?
|
|
Әуен
|
Басты ерекшелігі неде?
|
|
Дауыс диапазоны
|
Қандай деңгейлерге бөлінеді?
|
|
Ұзақтылығы
|
Интонация ұзақтылығы неде?
|
|
Дескриптор:
Ережелердің өзіне тән ерекшелігін, қасиетін, қызметін, маңызын талдай алады.
Өзіңді тексер!
Семантикалық карта
|
Тілдік бағдар
|
Сұрақтар
|
Жауаптар, мысалдар
|
Интонация
|
Қанадай компоненттер бар?
|
Әуен, дауыс диапазоны, ұзақтылық, қарқын.
|
Әуен
|
Басты ерекшелігі неде?
|
Логикалық, эмоциялық мазмұнын жеткізуде
|
Дауыс диапазоны
|
Қандай деңгейлерге бөлінеді?
|
Үшке: Кең, тар, орташа
|
Ұзақтылығы
|
Интонация ұзақтылығы неде?
|
Интонацияның уақыттық өлшемі.
|
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
|
Бағалау дескрипторларын ұсыну
|
Презентация
Слайд 5
Слайд 6
Слайд7
Слайд 8
Слайд 9
Слайд 10
Слайд 11
Слайд 12
Слайд 13
Слайд 14
|