«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жұпта отырған оқушылардың бірігіп, белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі.
«Данышпандар» әдісі арқылы әр топқа зерттеушілік жұмысын беру. Зерттеу жұмысы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау және сызбалалрды салу және елестету дағдыларын қалыптастырады. Жақсы оқитын оқушылар топтағы төмен оқитын оқушыларға қолдау көрсетеді.
Сабақты қорытындылау мақсатында, әр оқушыға «Блоб» ағашы салынған үлестірме қағазын ұсынамын. Оқушылар сабақтағы қызықты мен қиындық туғызған мәселелер туралы ашық ойын білдіреді. Өзінің қай деңгейде сабақты меңгергеніне қорытынды жасайды.
Оқушылардың топта отырғанда, парталардың дұрыс орналасуын қадағалау. Интербелсенді тақтаны қолданғанда, қауіпсізідк ережелерін сақтау.
|