1836-1838 жылы Бөкей хандығының аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Көтерілістің басты себебі-жердің жетіспеушілігі еді. Ең жақсы,шұрайлы жерлерінің бәрін жергілікті қазақ және орыс байлары иеленді. 1836 жылы қозғаушы күші қатардағы бақташа қазақтар болған халық-азаттық көтерілісіне әкеліп соқты. Қарапайым халық жерді солардан жалға алып пайдаланды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де халықтың еңсесіне көтертпей қойды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Осы көтерілістің көсбасшысы Исатай батыр болса,жалынды жыршысы, Исатайдың ең жақын серігі,ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол патша әкімшілігінің қолшоқпары болған хан сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлар шығарып,көтерілске дем беріп отырды. Азаттық үшін күрес Махамбеттің бүкіл өмірінің мазмұнына айналды. Ұлттың азаттығы мен халықтың әлеуметтік теңдігін жеріне жеткізе жырлаған Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті,халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш еті мақсатныда жазылады.Сондықтан да ақын өлеңдері бұқара халықтың жүрегіне жақын болды.
Махамбет-лирик ақын.Оның лирикаларының өзекті арқауы елді ерлік күреске үндеу. Махамбеттің ерлікке толы “Ереуіл атқа ер салмай”, “Беркініп садақ асынбай”,“Толарсақтан саз кешіп” сияқты өлеңдері шынайы саяси лирика.
Махамбет жырларындағы ерлік тақырыбы қос бейне арқылы ашылады: көтеріліс басшысы Исатай бейнесі және өз бейнесі. Олардағы қайсарлық, ер мінез барша жауынгерлерге,бүгінгі ұрпақ сарбаздарына ғажайып өнеге. Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып,
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер білінді,
Исатай-басшы, мен-қосшы.
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында,
Зығырданы қайнайды.
Ақынның “Менің атым-Махамбет ”,өлеңінде Жәңгәр ханның халыққа, өзіне жасаған қиянат-қорлығын бетіне басып,одан құса болғанын айтады:
Менің атым - Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса-дерт.
Атасы өткен Айшуақ -
Соның көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік -
Екеуіміз жүргенде,
Бір-бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік -
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
Бір енеден бес едік -
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік -
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік!
Қоғамдағы қайшылықтар, ер өлімі мен ер әксігі ақынды жасытпайды, керісінше, жауға деген өшпенділігін күшейтіп, қаһарлы қайрат беріп отырады. Сондықтан Махамбеттің ел өміріндегі ауыр күндерде Жәңгір ханның озбырлығын жырлап шығарған өлеңдері өмірден түңілушілікті емес, керісінше, ақынның өршіл,өміршең ойын танытады.
“Атадан туған аруақты ер” атты өлеңінде батырлардың, олардың қолбасшысы Исатайдың дұшанымен болған қанды шайқастағы ерлік істері үлкен шеберлікпен суреттелген өз замандастырына, кейінгі ұрпаққа халық үшін аянбай еңбек етудің, күресудің өшпес өнегесін Исатайдан үйренуді мезеңдейді:
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе, жапырар
Үдей соққан дауылдай.
Жамандарға қарасаң,
Малын көрер жанындай.
Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық-жалында-ай.
Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса,
Тұра алмайды хан тағында-ай!-деп
Исатайдың адалдығы мен әділ істерін, ерлік үлгілерін жарқырата көрсетеді. Сол арқылы батырдың ел мен жерге деген қамқорлығын,адалдығын көреміз.
“Тайманның ұлы Исатай” өлеңінде:
Достарыңызбен бөлісу: |