Пән: Әдебиеттік оқу
Пән мұғалімі: Жанекеева Марал
|
Күні: 11.03.2015 жыл
|
Сынып: 3 «В»
Оқушылар саны: 22
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Көшер кезде
|
Сабақтың мақсаты:
|
Романнан үзіндіні өз бетімен оқып, мазмұнын талдау. Әңгімедегі кейіпкер сезімдері арқылы тақырыбы мен идеясын ашу. Кейіпкер сезімі арқылы табиғатқа, жаратылыс иелеріне жанашырлықпен қарап,ойын дәлелдеу
|
Міндеттері:
|
1.Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету.
2.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту.
3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқиғаның әрі қарай қалай өрлейтінін болжайды.
Оқуда кедергісі бар оқушыларға «ЖАДА» деңгейіндегі көмек көрсетеді. Мәтіннің идеясын болжайды, өмірден мысал келтіреді
|
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сын тұрғысынан ойлау, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
Көрнекіліктер: Оқулық, суреттер, слайд, үлестірмелі парақшалар, хатқалта, смайликтер
|
Сабақ барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
|
Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту.
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.
«Мақалды тап» жаттығу арқылы сыныпты топқа бөлу
|
Оқушылар өз міндеттерін орындайды.
«Мақалды тап» жаттығуы арқылы топқа бөлінеді. Мақалдар мағынасын ашады.
|
Үй тапсырмасы «Көпіршелер»
5 мин
|
Үй тапсырмасын әр топ өзара талдап,жақсы орындалған тапсырманы оқитынын ескертеді
|
Оқушылар топ ішінде талдау арқылы өткенге шолу жасайды.
|
Жаңа сабақ кезеңдері
«Білу»
(Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат берілуі керек )
3 мин
|
Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
Бердібек Соқпақбаев (1924-1991) Алматы облысының Нарынқол ауданы, Қостобе ауылында туылған) — қазақ жазушысы.
"Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалық шаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа повесті" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).
|
Оқушылар Б.Соқпақбаев туралы жаңа мәліметтер біле отырып, өздерінің қосымша білгендерін айтады.
|
«Түсіну»
( Неге? Неліктен? Себебі ? Не үшін ? сұрақтарына оқушының берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)
9 мин
|
Хатқалта таңдау арқылы мәтін бөлімдерін таңдайтынын,«Джигсо» әдісі арқылы мәтіннің бөлімін оқуға бағыт береді.Мәтінді топ болып оқып өзара талдайтынын ескертеді.
|
Жаңа мәліметпен танысады. Джиксо әдісі арқылы мәтінді топта оқиды, түсінгендерін топ болып айтып шығады.
|
Сергіту сәті
2мин
|
«Көңілді күн» музыкалық қимылды сергіту жаттығуын орындату
|
Оқушылар музыкалық қимылмен бірге жаттығуды орындап шығады.
|
«Талдау»
(салыстыр,айырмашылығы неде,ұқсастығы неде, тақырыптың басты идеялары деген тапсырмалар болуы керек) 3 мин
|
1.Салыстыр.
- Балалар, сендер Әбекеңе итті қалай аманат етіп тапсырар едіңдер? Бір ғана сөйлеммен итті Әбекеңе тапсырыңдар. Ал кім қандай аманат айтар екен?
|
Балалар аманатты әртүрлі, әсерлі, қамқорлыққа толы айтып шығады.
|
«Жинақтау»
( қорытынды шығар, тапсырмалары оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)
5 мин
|
Қысқаша «Майлыаяқты құтқару» деген эссе жазуға тапсырма береді.
|
Эссе жазылып болған соң, әр топтан бір-бір бала оқиды. Құтқару жоспарының ең қызықты, ең пайдалысы ортаға салынады.
|
«Қолдану »
( оқулықпен жұмыс жүргізу барысында
берілетін бекіту тапсырмалары) 6 мин
|
Ит туралы қазақ халқының сөздері туралы әңгімелер айтылады.
|
Оқушылар өздерінің иттерін әңгімелей отырып, мәтінге байланыстырды.
|
«Бағалау. Жоба қорғау»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдайларды шеше білуге бағытталып беріледі)
4 мин
|
Оқушы сыни тұрғыдан ойлана отырып өз ойын айтуы керек.
- Балалар, өздерің жаңа ғана оқыған үзіндіде Майлыаяққа деген қандай сезімдер байқалады?
|
Сабақты қорытындылай отырып, сұрақтарға жауап береді.
Қамқорлық,достық,мейірім,аяныш, т.б.
|
Рефлексия
2 мин
|
Бүгінгі сабақта не ұнады?
Бүгінгі сабақта не ұтымды болды?
Қандай ұсынысыңыз бар?
|
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
|
Бағалау
2 мин
|
Оқушылардың бағалау парағын салыстыра отырып, бағаланады. Бағаларын оқушыларға айтып отырып қояды.
|
Топтар бір-бірін бағалайды.
Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды.
|
Үй тапсырмасы
2 мин
|
Тақтаға «Бір жыл өтті. Майлыаяқты сағынған иесі бір күні оны іздеп келді» деген сөйлем жазылады. «Сол кезде ...» деп әңгімені оқушы өзінше қиялдан жалғастырып жазып келеді.
|
Күнделіктеріне жазып алады.
|