Сабақ жоспары пән: Ежелгі қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы. Сабақтың мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі98,03 Kb.
#15945
түріСабақ
38 САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән: Ежелгі қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы үйсін тақырыбы бойынша түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою және сұрақ-жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру.
Тәрбиелік: Ежелгі тайпалардың тарихын, шаруашылығын, мәдениеті мен білімін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Білімді жинақтау.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек-сызбалары, буклет, сөз жұмбақ.
Сабақ барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырға жатады?
Жауабы: Б.з.б 3 ғасыр мен б.з.-дың 4 ғасыры аралығында өмір сүрген 
2. Ертедегі үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.
3. Үйсін қоныстары қай жерлерден табылды? 
Жауабы: Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер, негізінен, Жетісуда шоғырланған.
4. Үйсіндер қай елмен сауда қарым-қатынасын жасаған? 
Жауабы: Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен сауда қарым-қатынасын орнатқан. 
5. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақ: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Жоспар:
1. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
2. Егіншілік пен отырықшылық.
3. Түрлі кәсіпшілік.
Сөздік:
Тәті – тәж құсаған басқа киілетін нәрсе немесе металл сақина.
Балдақ – түйе мүсіншесі орнатылған көзі жоқ сақина. 
Сабақ түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс.
VI. Сабақты бекіту.
«Жұлдызды сәт» ойыны:
1. Үйсіндерде малдың қандай түрлері өсірілді?( Қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі
2. Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады? (Ыдыстар, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киім-кешектер )
3. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызған? (Шикі кірпіштен және тақта тастан балшық лай құйып қалады. )
4. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынған? (Күннің суреті салынған )
5. Үйсіндер қандай дақылдарды екті? (Дәнді дақылдарды екті:
арпа, бидай, тары. )
6. Үйсіндер айналысқан кәсіп түрлерін атаңыз?(Шеберлер, зергерлер, құмырашылар).
7. Үйсіндердің діни нанымдары қандай болған? (О дүниедегі өмірге сену, құрбандық шалу. )
VII. Сабақты қорыту.
Тест.
1. Ертедегі Қытай жазбаларында «Усун» атауы қай ғасырдан бастап кездеседі?
a) Б.з.б. III ғ. b) Б.з.б. II ғ. c) Б.з.б. I ғ. d) Б.з.б. IV ғ.
2. Үйсіндердің астанасы қай қала?
a) Суяб b)Қызыл Аңғар c) Қойлық d) Тараз 
3. Үйсіндерде егіншіліктің болғандығын дәлелдейтін қыстау, қоныстың аты.
a) Ақтас b) Шу өңірі c) Талас бойы d) Іле аймағы 
4. Үйсіндерді кім басқарды?
a) Шанью b) Хан c) Гуньмо d) Патша 
5. Үйсін обасынан табылған алтын жүзіктің бетінде қандай жануар бейнеленген?
a) Жылқы b) Қой c) Түйе d) Ешкі 
6. Қазба жұмыстары кезінде үйсіндер егіншілікте пайдаланған қандай құрал-саймандар табылды?
a) Қола орақтар b) Темір кетпен c) Мыс балта d) Тас шапқы 
7. Үйсін шеберлері саз балшықтан ыдыс жасауда қандай әдісті қолданған?
a) Көзе ұршықтарына таспа орау әдісі b) Пішіндеу әдісі c) Омыру әдісі d) Үңгіп қазу әдісі 
8. Үйсіндер ыдыс жасау үшін қандай ағаш пайдаланған?
a) Тал b) Қайың c) Тобылғы d) Қарағай
9. Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызды?
a) Ағаштан b) Шикі кірпіштен c) Тастан d) Құмнан
10. Үйсіндердің қыш ыдыстарына ненің суреті салынды?
a) Жылқы b) Ай c) Күн d) Түлкі 


Үй тапсырмасы: «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы» тақырыбын оқу.
Оқушыларды бағалау

37 САБАҚ ЖОСПАРЫ



Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің қоғамдық құрылысы

Сабақтың мақсаты :

Білімділік:      Ежелгі үйсіндердің қоғамдық құрылысын,әлеуметтік жағдайын ашып көрсету.

Дамытушылық:Оқушыларды белсенді түрде қатыстыра отырып,тарих пәніне қызығушылығын ояту,ой-өрісін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа,мәдениеттілікке,патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :Аралас сабақ

Әдісі: Деңгейлеп,саралап оқыту

Формасы: Топтық

Көрнекіліктер:Карта,суреттер,дидактикалық материалдар,сөзжұмбақтар

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу)

І-топ «Алғырлар»

ІІ-топ «Зеректер»

ІІІ-топ «Жеткіншектер»

ІІ.Үй тапсырмасы:  Үйсіндер

«Жеткіншек» тобына берілетін сұрақтар:

1.Картадан үйсіндер мекендеген жерін көрсету.

2.Шаруашылықтың негізгі түрі-мал шаруашылығының үйсін өміріндегі ролі неде?

3.Еңбек туралы мақал-мәтелдер.

4.Суретке қарап әңгіме құрастыру.

«Зеректер» тобына берілетін тапсырма:

1.Венн диаграммасы бойынша: «Үйсін зергерлерінен қалған екі бұйымның ұқсастығы».

2.«Үйсіндер кәсіпшілігі»-әңгіме құрастыру.

3.Жоғарыда айтылып өткен кәсіптердің қайсысы осы өмірде кездеседі?

4.Перфокартамен жұмыс.

«Алғырлар»- мәтінмен жұмыс

1.Б.з.б. І ғ. Үйсін халқы саны ……  мың болған.

2.Зергер сурет салған,онда …… бейнеленген.

3.Үйсіндердің мал шаруашылығы қай аймақта дамыды? Қай мал түрлерін өсірді?

4.Үйсіндерден қалған археологиялық ескерткіштер.

5.Шығармашылық жұмыстары.

Өткен сабақты пысықтай отырып,бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың жоспарын белгілеймыз.

ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:

1.Үйсін қоғамы

2.Меншік қатынастары.

3.Үйсіндердің көрші халықтармен қарым –қатынасы.

1.Мәселе бойынша «Үйсіндердің қоғамдық құрылысы»кестені пайдалану.

2-мәселе бойынша : «қоғам»,«әлеумет» деген ұғымдардың мазмұнын ашу.

3-мәселе бойынша : Адамдардың бірте-бірте топтарға бөлінуі (байлар,кедейлер,құлдар)

Кітаппен жұмыс (оқулықпен жұмыс жасауға 5 минут)

Тақырып бойынша әр түрлі сұрақ қою.

 «Жеткіншек» тобына:

Үйсіндер дәнді-дақылдардан не өсірген?

«Зерек» тобына:

1.Үйсін қоғамындағы жігі қалай  көріне бастады?

2.Үй қабырғалары,едендеріне қандай материалдар жасады?

«Алғырлар» тобына:

1.Карточкамен   жұмыс.

2.«Үйсіндер туралы  көп білетін автор»-туралы тақырыпшаға түсінік беру

ІҮ.Сабақты пысықтау.

1.Венн диаграммасын қолдану

Сақтар құрылысы                          ұқсастығы               Үйсіндер құрылысы                               

 

 2.Тақтадағы сөздерді талдау.



Бек,Ұлы Жібек жолы,шаньюй,Хань әулеті,туыс,қоғам,Чигу,зергерлер,құл,бейбіт,бай.

3.«Кім жылдам»-ойыны.

Шарты: 10-8 сұраққа жауап берсе «5»,7-6 сұрақтарға жауап берсе «4», 5-3 сұрақтар арасында «3».



Ү.Сабақты қорыту

1.Сөзжұмбақтар.

к Ү н б и

ч Й г у

ж е т і С У



к і р п І ш

ғ ұ Н


 

1.Үйсін билеушісі.(Күньби)

2.Үйсіндердің астанасы. (Чигу)

3.Мекендеген орны  (Жетісу)

4.Үйсіндер қолданылған құрылыс материалдары  (Кірпіш)

5.Қарым-қатынас жасаған ел (Ғұн)

 

1 о р А қ



2 қ А й ы ң

3 б А й


4 ғ А с ы р

5 қ ы т А й

 

1.Егіншілікте пайдалынған құрал. (Орақ)



2.Ыдыс аяқтарды қандай ағаштан  жасады? (Қайың)

3.Ауқатты адам  (Бай)

4.Жүз жыл  (Ғасыр)

5.Үйсіндер туралы қай ел жазды? (Қытай)

 

2.Датамен жұмыс.



1 Б.з.б. ІІ-І ғ. Үйсіндер Қытай жазбаларында кездеседі

2 Б.з.б. І-ғ.-б.з.І ғ. Орта кезең қорымдар шорығы

3 Б.з.б.ІІІ-ІІ ғ. Ертедегі қорымдар шорығы

4 Б.з. ІІ-ІІІ ғ. Соңғы кезең

5 Б.з.б.ІІ- б.з. І ғ. Ұлы Жібек жолы қалыптасты

6 ҮІ ғ. Түрік қағанаты қалыптасты

7 Б.з.б. 453 ж. Аттила қайтыс болды

8 Б.з.б. 204-б.з. 216 ж. Бес ғасыр бойы ғұндар билік жүргізді

9 1969-1970 ж.ж. Есік қорғаны (Алтын Адам)

10 Б.з.б. ІҮ ғ. Е.Зулқарнайын Орта Азияны бағындырды



ҮІ. Үйге тапсырма. § 41 (Сурет салу,сұрақтарға дайындалу)

ҮІІ.Білімдерін бағалау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет