И.Қ.Мандоки атындағы №154
жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі
Элмира Алимжанқызы Байбосынова
Сабақ жоспары
Пәні :Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Абайдың афоризмдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Қарасөз,афоризм туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;
Дамытушылық.Қарасөздерінің ішінен афоризмдерді тапқыза отырып,оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни
ойлау, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру
Тәрбиелік. Абай афоризмдерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,
адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Әдіс - тәсілдері: проблемалық ізденіс, талдау, ойын, топпен жұмыс,СТО технологиясының әдістері
Көрнекілігі: Абайдың қарасөздері, афоризмдері,слайд
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, Абайтану, өмірмен байланыс
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастырукезеңі
а)Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ә) Геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
б) «Шаттық шеңбері» оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
в) Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау
II .Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
«Қызығушылықты ояту»
Абайдың шығармаларын топтастыру арқылы оның қарасөздерін,афоризмдерін арнайы бөліп алып қарастыру мақсат етіп қойылады.
Поэмалары
Қара сөздері Афоризмдері
Абайдың шығармалары
Өлеңдері
III . Жаңа сабақ
I топ
Қарасөз, афоризм туралы теориялық түсінік беру.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады.
Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» [М. Әуезов. 20 томдық шығармалар жинағы 20 - т., 218 - 219] деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді.
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы: ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі (Н.Ә.Назарбаев), Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер (Абай).
II топ
ә) Абайдың қарасөздері.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.
1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйіншәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.
1.Мәтінмен жұмыс. Топтарға Абайдың қарасөздерін тарату.Негізгі тақырыбы мен идеясын сұрау.
Тапсырма: Абай қарасөздерінен қандай ерекшеліктерді байқадың?
Тұжырым жасау.
Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең;
Оқушыға ой саларлық, ғибрат беруді көздей құрылған;
Қарасөздерінің көпшілігінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады;
Кейбір қарасөздері өзімен - өзі кеңесу, ой - пікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдісі. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелері туралы өз көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.
2.«Түртіп алу» стратегиясы
Дәптермен жұмыс
Тапсырма:Әр топ өздеріңе берілген қарасөздердің түйінін (афоризм)тауып,дәптерлеріне жазуы.
Үлгі: 18 - сөзінде өзекті ой мына сөйлемдер арқылы берілген:
«... Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық».
3.Сөздік жұмысы (Оқушылардың ізденуі)
Мағынаны тану:
Абайдың тек афоризмнен тұратын 37 - сөзін дәптерге түсіру, мағынасын ауызша түсіндіру.
Өмірмен байланыс.
1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?
Абайдың афоризмдері
|
Мақал - мәтелдер
|
1.Әкесінің баласы – адамның дұшпаны.Адамның баласы – бауырың.
|
1.Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
|
|
|
2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».
«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».
«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».
2.Афоризмдерге постер құру(плакат,маркер тарату), қорғау.
Рефлексия
I.Әр топқа 1 шумақ өлең құрастыру беріледі.
II. Инсерт әдісі бойынша қорытындылау. «Иә» немесе «Жоқ»
1. Тегінде адам баласы адам баласынан жақсылық жасау, сөйлеу мәдениеті, өз-өзін ұстануына қарай ерекшеленеді. (жоқ)
2. Абай қара сөздерін 1890 -1898 жылдары жазды. (иә)
3.18-ші қара сөзі тек қана афоризмдерден тұрады. (жоқ)
4. 1933 жылы қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған – М. Әуезов.(иә)
5.Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі.(иә)
6. 29-шы қара сөзінде әр халықтың ерекше қасиеттері туралы жазылған (жоқ)
Білімді бағалау.
а)Бағалау белгішелері арқылы оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
ә)Мұғалімнің бағалауы.
Үй тапсырмасы.
Абайдың 37-ші қара сөзін , афоризмдерін жаттау,жан-жақты талдау.Өз пікірлерін жазбаша талдау.
Абайдың афоризмдері
|
Мақал -мәтел
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау парағы
Оқушының аты- жөні
|
Қызығушы-лықты ояту
|
Түртіп алу
|
Сөздік
жұмыс
|
Мағынаны
тану
(мақалмен
байланыс )
|
Постер құру
|
Рефлексия
|
Бес жолды өлең
|
Инсерт әдісі
|
Амиралина Алима
|
|
|
|
5
|
5
|
5 4
|
Аманбек Мадина
|
|
5
|
|
5
|
5
|
4 5
|
Алибай Олжас
|
|
|
|
5
|
5
|
5
|
Борашева Әдемі
|
|
|
|
4
|
5
|
4 4
|
Әбділда Назерке
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5 5
|
Ризуан Рауан
|
5
|
|
|
5
|
5
|
5
|
Ошманова Ақбота
|
5
|
|
|
5
|
5
|
5 4
|
Сырғабаева Айдана
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5 5
|
Сейділда Бақыт
|
4
|
5
|
|
4
|
5
|
4 4
|
Ізбасар Дәулет
|
5
|
5
|
|
4
|
5
|
5 5
|
Достарыңызбен бөлісу: |