Сабақ жоспары Пәні: Сауат ашу Сынып



Дата26.08.2017
өлшемі27,23 Kb.
#27928
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: Сауат ашу

Сынып: 1 «в»

Тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Білімділік: Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен

ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау

жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.                                 

Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, топтық жұмыс, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: таратпа материалдар, Б дыбысы, суреттер.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Амандасу.
ә) Cабаққа дайындық.
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
- Балалар қазір бізге қандай сабақ?

- Сауат ашу сабағы.

- Сауат ашу сабағына керекті барлық құралдарымызды шығардық па?

- Иә


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Қызығушылығын ояту:

Жұмбақтар.

1.Таусыла ма, қараңдар,

Табиғаттың қызығы?

Суық жақтағы жануар -

Бұтақ-бұтақ мүйізі.

(Бұғы)

2.Үш көзді батыр,

Жол көрсетер батыл

Үш көзі үш түрлі,

Қызыл, сары , жасыл

 (Бағдаршам)

3.Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(Балық).
4. Қызықтырып әркімді – ақ,
Суда жүзер жалтылдап.
Қайсы әріптен басталған,
Сол жәндіктің атын тап?
(Бақа ).

5. Туа сала жүзеді,


Суда жүзе біледі.
(Балапан).

IV.Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Суретке қарап, сұрақтардың көмегімен « Әсем табиғат» тақырыбына мәтін құрау.Сұрақтарға жауап беру.

-Көл жағасында не өсіп тұр?(ағаш)

-Ағаштың айналасынан нелерді көріп тұрсың?

-Ағаш бұтағынан не байқадың?(сауысқан)

-Ағаш маңында нелер ұшып жүр?(көбелектер)

2-тапсырма. Көбелектер қонған заттарды атандар.

Суреттегі сөздерді жазу:

Асқабақ, қарбыз, сәбіз, бұрыш

-Бұларды бір сөзбен не дейді?(көкөністер)



Сергіту сәті. «Бала,бала,балапан»

V.Қосымша тапсырма.

Топтық жұмыс



1-топ

Б дыбысынан басталатын адамның аттарын жаз



2-топ

Б дыбысы бар сөздер жаз



3-топ

Б дыбысынан басталатын сөздер жаз



4-топ

Балық сөзіне дыбыстық талдау жаса



5-топ

Б дыбысынан басталатын заттарды жаз



VI.Қорытынды

- Бүгін қандай дыбыспен жалғастырдық?


- Б дыбысымен.
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылмайды.

VII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма. Табиғат жайлы білгендерің қағаз бетіне түсіріп, оларды қорғау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет