Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет237/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта
Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ: Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді және оларды ата?
Жауап: Материктік және мұхиттық болып екіге бөлінеді
Сұрақ: Геологиялық жыл санау дегеніміз не?
Жауап: Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім
Сұрақ: Рифт дегеніміз не?
Жауап: Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады
Сұрақ: Плита дегеніміз не?
Жауап: Платформаларды әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды.
Сұрақ: Жер қыртысының қозғалмалы белдеулерін не деп атайды?
Жауап: Геогсинклиналдар
Сұрақ: Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге жататындарын ата?
Жауап: Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады.
Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.
Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет