Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет235/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Жер қыртысының құрылымы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Жер қыртысының ішкі құрылысы зерттеліп отырған құбылысын, фактінің, заңның айқын, нақты түсінігін беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау ойға сақтау қабілеттерін арттыру, дамыту.
3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус
Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай материктік және мұхиттық болып бөлінеді.
Геологиялық жыл санау-Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім. Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі.
Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы 5 эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа уақыт аралықтарына-дәірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы,кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б көрсетіледі.
Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар анықталған. Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мұхиттық плиталарға ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материк пен оларға жалғасып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық,Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхиттық плиталар жатады. Ал Тынық мұхиттық плита мұхиттық плита болып табылады. Мұхиттық плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді.
Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін-платформалар құрайды.
Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері геосинклиналдар деп аталады.
Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге Альпі-Гималай,Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.
Жер шарында 800-ден астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет