Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет271/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура - 40ºС, жазда - 0ºС. Жауын-шашын 100-200 мм-ден аспайды.
Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік - 1ºС, экватор маңында +29ºС.
Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет