Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет379/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Халқы мен елдері. Адамдар мұхит аралдарын ежелден қоныстанған. Олардың аралдары қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Мұхит аралдарының негізгі халқы – папуастардың тұрмыс-тіршілігі туралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н.Н.Миклухо-Маклайдың еңбектерінен табуға болады.
Мұхит аралдарында Папуа-Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және тағы басқа ұсақ аралдық елдер орналасқан. Мұхит аралдарының қазіргі халқы кокос пальмасы, батат, ананас, банан, қант құрағы, күріш өсіреді, балық аулаумен айналысады. Сонымен қатар аралдарда тас көмір, алтын, мыс өндіріледі.
Мұхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел – Жаңа Зеландия. Елдің жері екі үлкен арал мен көптеген ұсақ аралдардан тұрады. 3,5 млн-нан астам халқы бар. Жаңа Зеландияда Еуропадан қоныс аударғандардың ұрпақтары – жаңа зеландиялықтар тұрады.
Байырғы маорилер ел халқының 10%-ын ғана құрайды. Жаңа Зеландия халқының әл-ауқаты жоғары елдер қатрына жатады. Астанасы – Веллингтон қаласы.
Жаңа Зеландия ауыл шаруашылығы өте жоғары дәрежеде дамыған, халқы қой және ірі қара өсірумен, егіншілікпен, балық шаруашылығымен айналысады. Елдің әр тұрғынына шаққанда малдың басы 20-дан асады. Д.ж.-нің көптеген елдеріне қой жүнін, ет, сары май, ірімшік, жемістер мен балық өнімдерін сатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет