4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында қарасытырылатын сұрақтар:
1.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканың қандай айырмашылығы бар? Нарықтық экономиканың қандай кемшілігі бар. –
2.Қазіргі нарықтық экономикада қандай экономикалық салаларымыз мемлекеттің құзырында? –
3.Не себепті Қазақстан экономикасын аралас дейді? –
4.Экономиканың салалары дегеніміз не? Қазақстан шаруашылығы қандай еңбек салаларынан тұрады? -
5. «Салааралық өндірістік кешен» дегеніміздің мағынасын, мәнін түсіндір. «Салааралық кешендердің» қалыптасуы ненің әсерінен болған? –
6. Экономиканың даму барысында интенсивті даму мен экстенсивті дамудың негізгі айырмашылықтары? Осы даму жолдарының қайсысы қазіргі кезде тиімді?-
7. «Жалпы ішкі өнім», «экономиканың тиімділігі», «еңбек өнімі», «өнімнің өзіндік құны» деген терминдерге анықтама бер. -
8. Қазақстан – ірі жабдықтаушы, «Қазақстан – көлік дәлізі», халықаралық арена деген ұғымдарды түсіндіру, олардың мәні мен маңызын ашу
|
Оқушылардың жауабы:
1. Жоспарлы экономика мемлекеттік меншік пен басқарудың әміршілдік әдістеріне сүйенеді. Нарықтық экономика меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген.Оның кемшіліктері де бар –ол ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі өндірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады.Одан басқа заңмен шектелмейтін нарық стихиясы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған ортаның сапасының нашарлануына әкелуі мүмкін.
|