2. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас шетелдік кәсіпорындар да қызмет етеді. 3. Дүние жүзінде көптеген елдер соның ішінде Қзақстан экономикасы аралас болып саналады.Мемлекеттік бәсекелесу еркіндігін қолдап, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістің даму бағдарламасын жасай алады. 4.Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді ,яғни ол экономиканың салалары деп аталады. Қазақстан шаруашылығы – бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейде қарастыруға болады. 1. кәсіпорындар мен мекемелер. 2. Экономиканың салалары 3.Өндірістік сала. 5. Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Мұнай, мұнай өңдеу, көмір,газ өндіру салаларының арасында қалыптасқан.Сондықтан оны салааралық деп атайды.
1. Шаруашылық дегеніміз не? 2. Қазақстанның экономикасы қай экономика түріне жатады? 3. Қазақстанның шаруашылығының құрылымы? 4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны қандай?