Мақсаттары: Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы және геологиялық даму барысында республика аумағының табиғат жағдайларының бірнеше рет өзгергені жайлы түсініктер беру. «Тектоника» ғылымы туралы ұғымды қалыптастыру. Оқушыларды Қазақстанның тектоникалық құрылымы және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру. Тау жыныстарының жасын анықтаудағы палеонтологиялық зерттеу тәсілі. Геологиялық карта туралы білім (мазмұны, практикалық мәні) және «тау жыныстарының жүйесі» ұғымын қалыптастыру. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтау.
Дамытушылық.Қазақстанның тектоникалық, геологиялық картасын физикалық картасымен салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктерін арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.