Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра жүргізеді. Жаңа тақырыпты меңгерудің жоспары:
Қазақстанның топырақ жамылғысын сипаттау, олардың табиғат зоналары бойынша қалай таралғанын баяндайды.
Қазақстан аумағындағы топырақтың түрлеріне тоқталып кетеді: қара топырақты зона республиканың солтүстік шетін, қара қоңыр топырақ қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр.
Кейін топырақ эрозиясы туралы, ол қарқындылығына байланысты 2-ге бөлінетінін: 1) геологиялық эрозия (денудация), 2) антропогендік эрозия (жыллдамдатылған). Топырақ эрозиясымен күресудің арнайы тәсілдері бар екенін айтып өтеді.
Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына бейім, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім екенін Қазақстан Ұлттық Академиясының анықтағанын айтып өтеді. Павлодар облысында (1955-1958 жж) күңгірт қара қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың га жер эрозияға ұшырап, егістікке жарамай істен шығып қалғанын айтады.
Оқушылар мұғалімнің әңгімесі мен оқулықтың мәтінін пайдалана отырып, тақырыпты меңгереді. Олар келесіні анықтайды:
Қазақстан аумағында таралған топырақ түрлері:
1) қара топырақты зона республиканың солтүстік шеті – 25,5 млн га – 9,5%
2) қара қоңыр топырақты зона республиканың қуаң және шөлейтті алқаптары
3) шөлді аймақ топырақты зона, мұнда негізінен қоңыр және сұр-қоңыр топырақ жамылғысы басым.
Топырақ эрозиясының түрлері:
Жел эрозиясы
Су эрозиясы. Су эрозиясының топыраққа тигізетін әсеріне қарай екіге бөлінеді: 1) беттік, 2) сызықтық
Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.
Эрозиямен күресу шаралары:
1) Агротехникалық шаралар
2) Тыңайту шаралары
3) Гидротехникалық шаралар