Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні


Ашылу және зерттелу тарихы



бет383/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Ашылу және зерттелу тарихы. Антарктика – ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жерлің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге ұшырап, мақсатына жетпеген. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж. Кук Антарктика жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.
Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лащзарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктика материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып табылады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырылды. Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет