Сабақ жоспары Сабақ: №20 Сынып: 5 Күні



бет382/481
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#86948
түріСабақ
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   481
Байланысты:
su-aynalym

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Үй тапсырмасын сұрау:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Географиялық орны. Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиканың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материктеріне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен байланысты түсіндіріледі. Антарктика басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктика жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктикаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктика жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мұздықтар құрсалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   481




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет