Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:сұрақтар:
1. Сезім мүшелері нешеге бөлінеді?
2. Анализаторлар нешеге бөлінеді?
3. Көздің құрылысы
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде
Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-асқазан, қантамырлары және т .б.) болатын құбылыстарды хабарлайды. Анализатор. Анализаторда 3 бөлік болады: 1) тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі – рецепторлық; 2) қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін – өткізгіш бөлігі; 3) ми қыртысында қозуды талдайтын – орталық бөлігі. Сонымен анализатордың бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық деп аталады.
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1. Рецептор дегеніміз не?
2. Рецептор нешеге бөлінеді?
3. Анализатор дегеніміз не ?
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы:
Тақырыпты оқулықтан оқып келу
Оқытушының қолы:
Кафедра меңгерушісі:
Сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы: Нейрон-жүйке жүйесінің негізі
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А. Күні : 2021 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Пәнаралық байланыс:биология,медицина, гигиена
Достарыңызбен бөлісу: |