Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А


Бүгін 3 топ жұмыс жасайды. 1-топ «Қимыл», 2-топ «Қозғалыс», 3-топ «Тірек»



бет21/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1
Бүгін 3 топ жұмыс жасайды. 1-топ «Қимыл», 2-топ «Қозғалыс», 3-топ «Тірек».
-Саяхатқа дайынсындарма? Ендеше, автобусқа отырамыз. Автобустың кондукторы ________________________________________________
Бірінші «Колледж» аялдамасы.
2. Қызығушылықты ояту.«Құзырлылық іскерлік ойыны»
А)Адамның қозғалыс жүйесіне қандай бөлімдерден тұрады?
-Адамның қозғалыс жүйесі – сүйек, буын, бұлшықетттерден тұрады.
Б) Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады?
-Тірек қаңқасы, ағза мүшелерін бірқалыпты сақтау, қорғаныш,зат алмасу, энергетикалық,пішін беріп, пішін сақтауға, қан жасауға қатысады.
В) Сүйектер туралы ілім қалай аталады?
-Сүйек туралы ілім-остеология, буындар туралы ілім- артрология деп аталады.
Г) Сүйектің қасиеті, құрамы мен құрылысы қандай?
-50% судан, 2,5% ақуызы бар органикалық заттан, 21,5%-органикалық емес минералды заттардан және 15%- майдан тұрады. Сүйектердің беріктілік, серпімділік және жеңілдік қасиеттері бар. Беріктілік, серпімділік сүйекте органикалық зат- оссейн мен минералды тұздар(фосфат және кальций корбонаты) болуына байланысты.Сүйектің негізін тығыз(қатты) және кемік (борпылдақ) заттар құрайды.
Д) Сүйектер пішініне қарай қалай бөлінеді?
-Сүйектер пішініне қарай 3 топқа бөлінеді:
Ұзын сүйектер- қар, білек, сан, балтыр сүйектері
Қысқа сүйектерге-білезік,сыбырлақ, омыртқа сүйектері
Жалпақ сүйектерге-төс, жауырын, қабырға, бастың қақпақ сүйектері, жамбас сүйектері жатады.
- Балалар біз «колледж» аялдамасында сүйектердің құрылысы, қызметі,қасиеті туралы көптеген мәліметтер білдік.
Екінші «Халықтық» аялдамасы.
3. Мағынаны ажырату. «Тірек ағашы» ойыны
Сүйектің байланысу түрлері
Сүйектердің бірігуі
Үшінші «Колледж» аялдамасы.
4. Ой қозғау.«Тізбектеу» әдісі 
Бұл аялдамада «Тізбектеу» әдісі бойынша тірек-қимыл жүйесінің маңызды сүйектерін анықтап, орналастыру қажет.
Бассүйек қаңқасы - ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми сауыты бір - бірімен берік қозғалмай байланысқан маңдай, төбе, самай, шүйде сүйектерден құралған. Бет бөліміне - үстіңгі, астыңғы жақ сүйектер, бет, мұрын, таңдай сүйектері жатады.
Тұлға каңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар, төс сүйегінен тұрады.
Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Ол 33 - 34 қысқа сүйектерден тұрады. Омыртқа жотасы 7 мойын омыртқадан,12 арқа омыртқадан, 5 бел омыртқадан, 5 сегізкөз омыртқадан, 4 - 5 құйымшақ омыртқадан тұрады.
Омыртқа жотасы 4 жерден иіледі. Екеуі алға, екеуі артқа. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу. Нәрестенің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа, жүре бастағанда бел мен сегізкөз иілімдері байқалады. Иілімдер дененің тепе - теңдігін жеңілдетіп, серпімділікті күшейтеді.Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі сколиоз ауруына әкеп соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет