Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А


Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)



бет30/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1
4.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1. Қанайналым жүйесіне нелер жатады
2. Жүректің құрылысы.
3. Жүректің қабырғасы неше қабаттан тұрады
5.Қорытындылау.(білім бағалау)
Сабақ барысында белсенді түрде қатысқандарды өз бағаларын қою.
Үй тапсырмасы:
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы 239-246 беттерді оқып келу .

Оқытушының қолы:


ПБ төрағасы:

Сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы: Қан айналым жүйесі.Қантамырлар түрлері
Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы
Дайындаған педагог: Нурметова Д.А.
Күні : 2021 жылғы "__" ___
1.Жалпы мәліметтер
Курс: 2
Топ: __________________
Сабақ типі: теориялық
Пәнаралық байланыс:биология,медицина, гигиена
Сабақтың мақсаты.
1. Сабаққа болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру, оқушылардың сабаққа болған қызығушылығын арттыру. Сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу. Оқушының сөйлеу процесі, қиялдау процесін ,білім бере отырып дамыту
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар : видео,слайд
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді және дәптерлері тексеріледі.
2.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі:сұрақтар:
1. Қанайналым жүйесіне нелер жатады
2. Жүректің құрылысы.
3. Жүректің қабырғасы неше қабаттан тұрады.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі:лекция түрінде.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет