Сабақ жоспары. Сабақ тақырыбы: Астың сіңірілу қасиеті. Тістің құрылысы түрлері. Модуль /пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы Дайындаған педаго г: Нурметова Д. А


Физиология (грекше «physіs» – табиғат, «logos» – ғылым) – мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін (тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым. Гигиена



бет4/61
Дата08.12.2023
өлшемі1,42 Mb.
#195540
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Анатомия По урочный. 2021-22
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1
Физиология (грекше «physіs» – табиғат, «logos» – ғылым) – мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін (тіршілік әрекетін) зерттейтін ғылым.
Гигиена (грекше «hygіeіnos» – дені сау) адам денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды зерттейді. Адамның еңбек етуі мен демалуын дұрыс ұйымдастыра білуіне көмектеседі. Адам мүшесінің қызметін білу үшін оның құрылысын зерттеп білу қажет. Мүшелердің құрылысын, атқаратын қызметін білмейінше аурудың себептерін түсіну мүмкін емес. Анатомия, физиология, гигиена ғылымдарын жете түсінбеген адам өз ағзасында қандай өзгерістердің болып жатқанын білмейді. Ауру адамдарға медициналық көмек көрсету де қиындайды.
Гиппократ (б. з. б. шамамен 460–377) көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым. Адам денесінің құрылысына көптеген бақылаулар жасап, оны жинақтап, бір жүйеге келтірген. Әсіресе адамның ми сауытын және оның жалпақ сүйектерінің бір-бірімен жіктер арқылы байланысатындығын толық сипаттаған. Омыртқалар мен қабырғалардың, бұлшықеттердің, ірі қантамырларының құрылысын зерттеген. Гиппократ – анатомия ғылымының дамуына кезінде үлкен үлес қосқан ғалым.
2. Клавдий Гален – Гиппократтан кейінгі зерттеулер мен бақылаулар жүргізген римдік анатом және физиолог ғалым. Өзінің оқыған дәрістерінде маймылдың мәйітін алғаш рет қолданған. Себебі ол кезде адам мәйітімен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген. Мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын толық сипаттап берген. Дәнекер ұлпасы, бұлшықеттер, жүйке тамырлары, бауыр мен бүйрек қантамырларын зерттеген. Ішкі мүшелер мен сүйек қабығын, сіңірлерді де сипаттаған. «Адам дене бөліктерінің міндеттері туралы» атты еңбегінде анатомиялық тұрғыдан өзінің пікірін білдіріп, мүшелердің анатомиялық құрылымының қызметімен тығыз байланысты екендігін көрсеткен. К. Галеннің аталмыш еңбегі медицинада 13 ғасыр бойы құндылығын жоймай оқытылып келген.
Атақты ғалым-биолог, Нобель сыйлығының лауреаты Илья Ильич Мечников лейкоциттердің (қан жасушасы) бөгде заттарды сіңіріп қорытуын фагоцитоз деп атады. Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет