Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара қаласы
№16 колледж
Оқытушы: Базарбекова Толқын
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Батыр Баян» поэмасының тақырыптық-идеялық мәнін және көркем-бейнелік құрылымын талдай білуге үйрету; поэманың мазмұндық, жанрлық-стильдік ерекшеліктерін таныту; ақынның характер ашу шеберлігін таныту.
Дамытушылық: әр студенттің өзіндік қиялына ерік бере отырып, бейнелі ойлауға, кейіпкер әрекеттерін талдап,өзінше ой түйіндеуге баулу.
Тәрбиелік: ақынның үздік туындысы «Батыр Баян» поэмасы арқылы Отанын, туған жерін, халқын сүюге, намысты болуға, батырлық пен батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақстан тарихы, музыка
Ұйымдастыру кезеңі:( 2 минут)
Студенттермен амандасып, түгендеу. Оқу кабинетінің гигеналық талапқа сай болуы. Студенттердің назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. (10 минут)
Үй тапсырмасы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Зеректілердің зейініне бір сауал
1. Мағжан кім және қай жылы дүниеге келген?
2. Мағжан қай жерлерде білім алды?
Мағжан 4 жасынан ауыл молдасынан хат таныды. 1905-1910 жылдары Қызылжардағы медреседе, 1910-1912 жылдары Уфадағы Ғалия медресесінде,
1912 жылы Омбыдағы мұғалімдер семинариясында, 1923-1927 жылдары Москвада Жоғары әдебиет-көркемөнер институнда оқыды.
3. Мағжан өлеңдері қай тақырыпқа арналған?
М. Жұмабаев өлеңдерінің тақырыбы- табиғат ( Көкшетау, Жазғы түнде, Қысқы жол, Қайық, Орман), махаббат ( Гүлсімге, Айды алқа ғып берейін, Махаббат не? Сүй жан сәулем), туған ел және әлеуметтік тақырыпқа( Пайғамбар, Бостандық, Күншығыс, Орал) арналған.
4. Мағжан алғаш қамауға қай жылы алынды? Қандай айып, желеу тақты?
Мағжан 1929 жылғы 6 шілдеде Қызылжардағы үйінде ұсталды. Ұстала салысымен Алматыға жөнелтілді. Мағжанға тағылған негізгі кінә- «Алқа» үйірмесін құруға атсалысты деген айып тақты. Карелия орманындағы концлагерге 10 жылға айдалды. Бірақ
М. Горькийдің араласуымен 1936 жылы бостандыққа шықты. 1937 жылдың желтоқсанында қайта қамауға алынды. Бұл жолы Қиыр Шығыстағы Жапонияның шпионы, Кеңес үкіметіне қарсы деген айып тақты. 1938 жылы 19-наурызда ату жазасына кесілді.
Поэзия минуты ( ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу)
Не сұлу? деген сұраққа өлең жолдарынан жауап іздейік.
Жаз гүліндей жайнаған
Масатыдай жер сұлу
Аққу-қаздар тойлаған
Айдын шалқар көл сұлу.
Өзгеден де ең сұлу,
Өмірлік дос тең сұлу.
Өзім сүйіп ұнатқан,
Бәрінен де сен сұлу сен сұлу.
Нұрын төккен қырмызы,
Аспандағы күн сұлу.
Жымың қаққан жұлдызы,
Айлы кеште түн сұлу.
Тәрбилі тамаша,
Тал мінезді жар сұлу.
Таңданарлық қараса,
Талай абзал бар сұлу.
Балалар,бұл өлең не туралы? (сұлулық)
Өлеңде не сұлу?( жер сұлу, көл сұлу,күн сұлу, түн сұлу, жар сұлу т.б).
Осы өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген? (көктем)
Осы айтылғандардың бәрі неге және кімге деген махаббат?( туған жерге, сүйген жарға)
Бірақ, бәрінен де кім сұлу? (Бәрінен де сүйген жан сұлу)
Міне, балалар,Мағжанның лирик ақын екендігіне көзіміз жетті.
Енді осы өлеңнің сатылай кешенді талдауын жасап көрелік:
Әдеби талдау
1) Тақырыбы: туғанжерге,табиғатқа, сүйген жанға деген махаббаты
2) Жанр түрі – поэзия (өлең)
3) Идеясы- туған жер табиғатының сұлулығын тізбе
лей отырып, сүйгеніне деген махаббатын жеткізу.
4) Шумақ- 4
5) Тармақ- 16
6) Буын саны 7-11 буынды
7)Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мақсаты: туған жерге табиғатқа,сүйген жанға деген махаббат.
Сергіту сәті
«Сен сұлу» әнінін орындау. Сөзі: М. Жұмабаев, әні: Ш. Қалдаяқов.
Үй тапсырмасын қорытындылау ( 2 минут)
Бейнетаспа «Мағжанның қабірі Магаданда»
Жаңа сабақ: «Батыр Баян» поэмасы ( 24 минут)
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын поэма деген терминге тоқталайық.
Поэма дегеніміз не?
Поэма дегеніміз- белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын сюжетті шығарма. Мыс: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. А.Құнанбаевтің «Ескендір» поэмасы т.б.
Ақынның «Батыр Баян» поэмасын жазуға қандай себептер болды?
XVIII ғасырда ел қорғаған батыр, ірі тарихи тұлға, даңқты адамға ақынның шығарма арнауының көптеген себептері бар. Ақынның әжесі Баянның немере қызы. Мағжан Баянға қатысты мағлұматтарды жақсы білген. Бұл шығарманы 1921 жылы Мағжан Ташкентте М.Әуезовтің пәтерінде бір түн ұйықтамай жазған екен.
XVIII ғасырда қазақтың қандай батырларын білесіздер?
Баян кім?
Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15-1757) жылдар аралығында өмір сүрген. Батырлығымен, тапқырлығымен, найзагерлігімен, ержүректілгімен көзге түскен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген батыр. Ол ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап, қалмақтарға қарсы соғысқан. Қазіргі таңда Баян батырдың туыстары, олардан тараған ұрпақ қазір Солтүстік Қазақстандағы Булаев ауданында тұрып жатыр. Жазушы Хамза Абдулиннің айтуына қарағанда Абыл, Жарбол, Аралағаш атты үш үлкен ауылдың үшеуі де таза Баян батырдың ұрпақтарынан тұрады.
Оқиға желісі
Қазақ-қалмақ жаугершілік заманында хан Абылай күндердің күнінде қалмаққа жауға шаппақшы болып, батырларының барлығын ордаға жинайды. Жиналған өңшең нояндардың ішінде Баян батыр болмайды. Абылай Баянсыз жауға шықпайтынын мәлімдейді.
Қазақ халқымен жауласқан қалың қалмақтан Баян сұлу аруды өзімен әкеледі. Арудың сұлулығына тең келер ешбір сұлулық болмайды. Жұрт осындай сұлуды еліне әкелген Баянға таңданады. Батырдың сұлулық отына түсіп қалмауы, сабырлық танытуы-оның бойындағы ерекше қайсарлық, батырлықтың белгісі. Жат елден келген қалмақ қызы өз елін жанынан шығарған емес. Қалмақ қызының Ноянға көз тастауынан, он бес жасар баланың жүрегінде ұшқын туады. Сол ұшқын жүректе отқа айналып, батыр інісі Ноян аласұрады. Сезімге берілген екі жас айрылмаймыз деп серт береді. Қыз Ноянға сені сүйем, бірақ саған қосылу үшін жылап-зарлап қалған ата-анамның батасын алу керекпін дейді.
«Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсету. ( Ноянныңөлімі)
Қыз айтқанына Ноян нанып, екеуі келісіп қашады. Болған іс тез арада Баянға жетеді. Мұны естіген Баян сенбей қатты ашуланады. Ашуланып қашқындардың артынан қуғынға түседі. Ызаға толы, көкіректі намыс жеген Баян қыз бен жігітке жетіп, садағын қолға алып екеуін де атып түсіреді. Шамалы есеңгіреп, ат үстінен өзі де құлап түседі. Есін жиып , ер Баян екі жасқа қарап, қайғырып, жылап, өз істегеніне өзі өкініп, екі жанды жерге бөлейді. Баян енді өмірден үміт үзіп, ажал аузына өзі ұмтылады. Көп ұзамай Баян атқа мініп, ауылға қарай тартты.
«Батыр Баян» фильмінен үзінді көрсету. (Баянның өлімі)
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ер жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан.
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
Венн диаграммасы
Поэмада Баянның туған інісі ретінде алған Ноян кім?
Баянның махаббаты үшін оны атып өлтіргені рас па?
Бұған келсек:
Ақынның Ноян деп алғаны- Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы-Қыстаубай. Ел есіндегі әңгімеге қарағанда Қыстаубай қалмақтың Лағда деген қызын алып қашса керек. Бұған Сары батыр қатты ашуланады.
«Қыстаубайды қуып жетіп,өлтір, киімін, қару-жарағын көзімше көм»- деп Баянды жұмсайды. Баян Қыстаубайды қуып жетіп бір қабат киімін алып, қозының қанына малып Сарыға алып келеді. Қыстаубайдың нағашылары кіші жүзде екен, ол солай қарай бет алып кетеді. Кейін бір соғыста « кіші жүз» әскерлерімен келген ұлын көріп Сары батыр Баянға қатты ренжіген деседі. Ақын нақты деректермен аңыздарды бұлжытпай қайталауды
мақсат етпеген. Ақынның мүддесі батыр Баянның ұлы тұлғасын сомдау.
Сабақты қорытындылау ( 2 минут)
Поэмада маған не әсер етті?
|
Поэма желісі бойынша қандай ой түйдім?
|
Мен ештеңе түсінбедім, себебі...
|
|
|
|
Оқушыларды бағалау: ( 3 минут)
Сабақта белсенді қатысқан білім алушылардың білімін бағалау
Үй тапсырмасы: (2 минут)
«Батыр Баян» поэмасын оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |