ІV. «Қазақстанның жануарлар әлемі» мәтінмен жұмыс. (7 слайд)
1. мәтінді мәнерлеп оқу
2. түсіндіру
3. сұрақ - жауап
4. Сөздікпен жұмыс: (8 слайд)
-Жаңа сөздермен танысып, сөздікке жазу
мекен – местность
тіршілік етеді –обитают
тұрақты – постоянный
қыстайды- зимуют
жазық жерлерде – в открытой местности
сүтқоректілер - млекопитающие
бауырымен жорғалаушылар – пресмыкающиеся
қосмекенділер - земноводные
- Жаңа сөздермен сөз тіркестер, сөйлем құрастыру.
Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау
Қазақстанның жануарлар әлемі
Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар кездеседі. Мұнда жануарлардың сегіз жүз отыз бес түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің бір жүз сексен түрі, құстың бес жүзге жуық, бауырымен жорғалаушылардың елу екісі, қосмекенділердің он екісі, балықтың бір жүз жетісі тіршілік етеді. Тек жәндік түрлерінің өзі –ақ отыз мыңнан асады.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
1 . Мәтінде нелер туралы айтылған?
2. Қазақстанда жануарлардың неше түрі бар?
3. Соның ішінде жануарлардың қандай түрі бар?
1 – деңгей
Мәтіннің мазмұнын айтып бер
|
2 – деңгей
Мәтінді мәнерлеп оқып, аудар
|
3- деңгей
Мәтін бойынша кластер құрастыр
|
V. Грамматикалық тақырып: Ілік септік (9-10 слайдтар)
- Ілік септіктің сұрақтары қандай?
- Ілік септіктің жалғауларын атаңдар.
Грамматикалық тақырып бойынша тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |